Зейнетақы жинақтау қоры – ұлт келешегі
Зейнетақы жинақтау қорын «бақылап» отыру игі дәстүрге айналған. Қазірдің өзінде жұрттың 4 триллион теңгеден астам зейнетақы қаржысы жинақталған Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры осы үрдісті ерекше атап көрсетуде. Бүгінде тұрғындардың көпшілігі бойында өзінің болашағына деген жауапкершілік сезімі қалыптасқан. Жинақтаушы зейнетақы қоры енгізілген уақыт ішінде халық өзінің Зейнетақы жинақтау қорын «бақылап» қана қоймайды, сонымен бірге, өзінің жұмыс берушілерінен міндетті түрде және толық көлемде зейнетақы жарнасын аударып отыруды талап етеді. Жекеменшік қорлардағы зейнетақы активтерін БЖЗҚ-ға біріктіргеннен кейін де жинақтаушылар өздерінің міндетті жарналарының толық сақталып отырғандығына көз жеткізеді. Сонымен бірге, олар өз қаржыларының жекеменшік зейнетақы есепшоттарында жинақталып жатқанына куә болады. Қордағы қаржы қордың немесе мемлекеттің емес, толық көлемінде азаматтардың иелігінде. Оның толық сақталуына «Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заңы кепілдік береді.
Республикамыздағы бүкіл әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесін құру тұрғысынан келгенде, тұрғындардың жинақтаушы зейнетақы қорына деген көзқарасының маңызы өте ерекше. Сонымен бірге, алдағы жылдарға БЖЗҚ-ны дамыту стратегиясын дайындау барысында «Жинақтаушылармен біріге отырып, қаржылық еркіндікті қалыптастыру» атты қор міндетін белгіледі. Осыдан келіп, қордың стратегиялық бағдарлары айқындалады: БЖЗҚ – еліміздің барлық жұмыс істейтін тұрғындары қатысатын, адам құқын және заң басымдылығын сақтайтын, есеп беру, ашықтық және этикалық тәртіп үрдістерін бұлжытпай орындайтын әлеуметтік жауапкершілігі бар ұйым. Бүгінде БЖЗҚ – бұл зейнетақымен қамтамасыз етудің бір ғана жүйесі. Алайда, уақыт өте келе жинақтаушы үдерістің маңызы артады. Сөйтіп, қор қаржы жүйесінің маңызды бөлігі ғана емес, сонымен бірге, еліміздің бүкіл экономикасының маңызды саласына айналады. Қордың топ-менеджерлерімен кездесуге келе жатып, осыдан біраз уақыт бұрын, жекеменшік ЖЗҚ-ларды бірыңғай орталыққа біріктірген кездегі адамдардың көңіліндегі күдіктерді ой елегінен өткізді. Бұл ретте жекеменшік жинақтаушы есепшоттардағы ақпаратқа қолжетімділіктің де маңызы ерекше зор. БЖЗҚ-ға кезекті жекеменшік қордың активтерін қосу туралы ақпарат таратылғаннан кейін өздерінің жинақталған қаржыларының жағдайын, инвестициялық кіріс көлемін, жұмыс берушінің жарна төлемдерін аудару мәселелерін білгісі келгендер БЖЗҚ офисіне топ-тобымен келіп, ұзын кезектерге тұратын еді. Жинақтаушы қорларды біріктіргеннен кейін бар болғаны бірнеше айдың ішінде бұл міндетті ойдағыдай шешті. Оған орталықты аралау барысында көз жетті: ұзақ-сонар кезектер жоқ, электрондық кезек кестесі іске қосылған, адамдар өздерін толғандырған барлық мәселелер бойынша жауап алады. Тіпті, бір офис бір күннің ішінде бір мыңға дейін зейнетақы жинақтаушыларын қабылдаған күндер де болды. Дегенмен, өңірлік жүйелерді шұғыл дамыту БЖЗҚ-ның колл-орталықтарындағы және ақпараттық залдарындағы қызметкерлердің шұғыл да жоғары кәсіби жұмысының нәтижесінде алаңдаушылықтың алдын алды. Енді адамдарды өздерінің жинақ қорларына жарналардың аударылуы емес, басқа ағымдағы мәселелер қызықтырады. Дәстүрлі және бүгінгі озық байланыс каналдарын кең көлемде пайдалана отырып, тұрғындарға ақпарат беру жөнінде кең көлемдегі филиалдық жүйені және шұғыл жұмысты ұйымдастыра отырып, ахуалды түбірімен өзгертті. Сонымен бірге, зейнетақы өнімдерін одан әрі дамыту мақсатында кадрларды оқыту және даярлау жөніндегі жұмыстар жүргізілуде. Мәселен,
1 қарашада міндетті кәсіби зейнетақы жарналары бойынша есепшоттардың саны
336 мыңнан асты. Ал 2018 жылдың басында Президенттің Жарлығымен бекітілген Зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғырту концепциясына сәйкес зейнетақымен қамтамасыз етудің шартты-жинақтаушы компоненті сияқты түрі енгізілетін болады. Жұмыс беруші өз жұмысшыларының кірісінен
5 пайыз көлеміндегі міндетті жарнаны БЖЗҚ-ның жекешелендірілген шартты-жинақтаушы есепшотына аударып отыратын жұмысшылар оған қатысушы есебінде жүреді.
Қайрат СЕРІКҰЛЫ, кәсіпкер.