Еріктілер марапатталды
08.09.2017
1212
0

ЭКСПО-2017 көрмесінің ең үздік еріктілеріне құрмет көрсетілді. «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов және Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев үздік еріктілерге сертификаттар және естелік сыйлықтарды тапсырды.

Ахметжан Есімов волонтерлар міндеттерін жоғары деңгейде орындағанын атап өтті.
– «Волонтерлік қызмет – көрменің табысты өтуінің маңызды факторы және көрме жұмысының жеке функционалды бағыты болып табылады. ЭКСПО-2017 көрмесі аясында барлығы 8,5 мың адам іріктеліп, арнайы оқытылды. Олардың 5,5 мыңы көрме аумағында жұмыс істеуге мүмкіндік алды. Астана қаласынан 2500-ден аса волонтерлар, Алматы қаласынан – 900, өңірлерден 1600 еріктілер жұмылдырылды. Сондай-ақ, Ресей, Қытай, АҚШ, Бельгия, Италия, Польша, Моңғолия, Қырғызстан және өзге мемлекеттердің волонтерлары да өз үлесін қосты. Еріктілердің орташа жасы – 19 жас, ең үлкені – 70 жаста. 60 волонтер көрменің басталу уақытынан бастап жұмыс істеуде және 4 күннен кейін жабылу салтанатына қатысады. Көрменің жұмысы барысында 3 отбасылық жұп құрылды, – деп мәлімдеді Ахметжан Есімов.
Марапаттау рәсімі Әли Оқапов, Алмас Кішкенбаев сияқты эстрада жұлдыздары мен волонтерлар қатысқан концерттік бағдарламамен жалғасты.
Көрменің 3 ай жұмысы барысында Қазақстанның 16 облысы және әлемнің 35 елінен келген волонтерлар 16 бағыт бойынша күніне 8 сағат бойы 3 маусыммен өз міндеттерін орындаған болатын.
Соңғы деректерге сенсек, көрмеге төрт млн.-ға жуық адам келген екен.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір