«Русланның рухын ардақтасақ»
19.08.2015
1191
0

Еске алып іздеп жатыр Қазалыда,
Сексен мың Қазалының қазағы да.
Русланның бейнесі жарқырайды,
Қазақ деген халықтың назарында!

Тыңдадық тамаша айтқан өлеңіңді,
Көрдік біз қайталанбас өнеріңді.
Бүгінде «Таңшолпаннан» сағынамыз,
Қал қалай, «Қазақ елі» сәлеміңді.

Өмірде сирек туған дарын болдың,
Жас кезде жалындадың, жасын болдың.
Руслан Бөлебай есіміңмен,
Бүкіл ел – жалпақ жұртқа мәлім болдың!

Руслан бәріменен бауыр болды,
Жүрегі – ата-анасы ауыл болды.
Әбсаттар мен Әмина үшін орны толмас,
Бұл қаза бәрімізге ауыр болды.

Шиелі топырағы киелі ғой,
Жер-Ана да емшегін иеді ғой.
Русланның рухын ардақтасақ,
Алланың шапағаты тиеді ғой.

Қайғырып өзіңді-өзің қинағаның,
Жақсыны жамандыққа қимағаның.
Руслан Бөлебайға көше берсек,
Еріңнің қасиетін сыйлағаның!

Қуанышбай ҰЙҚАСОВ.
Жанқожа батыр ауылы,
Қазалы ауданы,
Қызылорда облысы.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір