Білім саласындағы жаңашылдық
29.09.2017
2623
0

АҚШ, Жапония, Германия, Франция секілді дамыған елдердің бірқатары 12 жылдық білім беру жүйесіне еніп үлгерді. ТМД кеңістігінде
12 жылдық орта білім беру мерзімін Өзбекстан, Латвия, Литва, Эстония, Украина, Молдова таңдаса, Қазақстан да 12 жылдық білім кеңістігіне еніп жатыр. Бүгінгі таңда 12 жылдық мектепке есептелген орта білім берудің белгілі халықаралық стандарты қалыптасып үлгерді.

2008 оқу жылынан бастап елі­міз 12 жылдық білім беруге ке­зең-кезеңмен көшуі бас­тал­ды. Бүгінгі күні білім беру маз­мұнын жаңартуды көздейтін Қа­зақстан Республикасының бі­лім беру тұжырымдамасы жан-жақты талқыланып, Білім жә­не ғылым министрлігінің ал­қа мәжілісінде мақұлданды.
Бұл тұжырымдама Қазақ­стан Республикасының «Білім туралы» Заңына; «Қазақстан Рес­публикасын 2020 жылға дейін дамытудың стратегиялық жос­парына», «Қазақстан Рес­пуб­ликасында білім беруді 2020 жылға дейін дамытудың мем­лекеттік бағдарламасына», Қа­зақстан Республикасының Пре­зиденті Н.Ә.Назарбаевтың «Қа­зақстан экономикалық, әлеу­меттік, саяси жаңғырудың қар­қынды жолында» атты Жол­дауына, Болоньдегі Еуропа ел­дері білім министрлерінің кеңе­сіне, ЮНЕСКО-ның үз­дік­­сіз білім беру туралы ұсы­ныс­тарына сәйкес әзірленді.
Білімді, шығармашыл, бә­секеге қабілетті тұлға тәрбиелеу мақ­сатында Қазақстан Рес­пуб­ликасында 12 жылдық жалпы ор­та білім беру тұжырымдамасы жасалып отыр. 12 жылдық бі­лім берудің негізі – адамның же­ке тұлғалық қасиетін қалып­тастыру.12 жылдық білім беру жүйесіне көшу орта мектептегі оқу мерзімін ұзарту ғана емес, бі­лім беру мазмұнын түбегейлі өз­герте отырып, білім сапасын ба­рынша жақсарту дер едім. Бұл міндетті жүзеге асыру үшін 12 жылдық мектеп мұғалімдерін кәсіби даярлау қазіргі таңда кезек күттірмейтін мәселе деп білемін.
12 жылдық мектептің басты ерекшелігі – баланың жан-жақ­ты дамуына, өз пікірі мен ойын ашық жеткізуіне, әр адамға табиғатынан берілген шығармашылық әлеуетін то­лық іске асыруына ықпал ете­тін, өзін-өзі танып, келешегін ай­қындауға саналы түрде дайын болуға, қоғамның эко­но­­­микалық, мәдени, саяси, өмі­ріне белсенді араласуға мүм­­кіндік беретін пси­хо­ло­гия­лық-педагогикалық институт ретінде қалыптасуында болып отыр. Оның жаңа құрылымына тоқ­талатын болсақ, 12 жылдық бі­лім беру жүйесі 5+5+2 саты­ларынан тұрады. Бүгінгі күні осы құрылым мен жаңа маз­мұн­ға негізделген жалпыға мін­детті білім стандарттары әзір­ленуде.
Қазіргі заманғы психо­ло­гияны кәсіби деңгейде болмаса да, белгілі бір дәрежеде игер­ме­ген мұғалім жарты қаруы жоқ жауынгер іспеттес. Бала пси­хологиясына сезімтал болу ұстаз үшін басты нәрсе.
Сондықтан да 12 жылдық бі­лім беру жағдайында педагог – ең алдымен, кәсіби деңгейі жо­ғары, интеллектуалдық, шы­ғармашылық әлеуеті мол тұл­ға болуы тиіс. Ол – оқы­ту­дың жаңа технологияларын өмір­ге енгізуге дайын, оқу-тәр­бие ісіне жанашырлық та­ны­татын, қоғамның ең озық бө­лі­гінің бірі, оқу-тәрбие үрдісінің маз­мұнына және ұйымдас­ты­рылуына кешенді тұрғыда қа­рай­тын, зерттеушілік ыңғайға бейім, теория мен тәжірибелік іс-әрекетін біріктіре білетін, өмір­лік құндылық қағидалар – адамгершілік, ізгілік, еңбек­қор­лық, парасатты мінез-құ­лық сияқты қасиеттерді бойына сіңірген ұстаз.
Қазіргі ғылым мен техника­ның қарыштап дамыған кезінде оқу-білімнің, соның ішінде бо­ла­шағымыз – бүгінгі мектеп оқу­шысының білімі мен тәр­биесі маңызды мәселе. Елі­міз­дің әлеуметтік экономика­сы­ның дамуына өзіндік үлес қоса алатын, өзіндік ой-пікірі бар, жан-жақты дамыған, білімді де білікті тұлғаны дайындап, тәр­биелеу – аса құрметті қоғам­дық мін­дет. Себебі, ел тұтқасын жан-жақты білімді ұрпақ ұстан­ған шақта ғана өркениет алға дамымақ.
Білім беруді жаңарту –үнемі алға қарай ұмтылу мен дамыту үрдісі, бұл білім беруде кезең-ке­зеңімен өтетін және алынған нәтижелерге сәйкес түзету ен­гізіліп, талданатын өзгерістер.Со­нымен қатар, білім беруді жаңарту үрдісі салт-дәстүрді, мә­дени мұраны, жалпы ұлттық құндылықтарды көздің қара­шығындай сақтауды талап ете­тін тұрақты жүйелерден тұрады.Сондықтан да 12 жылдық оқы­туға көшуді жүзеге асыру – оның қажеттілігі мен тиімділігін әр педагогтың, әр ата-ананың са­налы түрде түсінуін, қабыл­дауы мен оған белсенді түрде араласуына мүмкіндік беруді, асқан ұқыптылық пен сезімтал­дық­ты қажет ететін үрдіс.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір