Тұқымым – түрік!
15.09.2017
1283
0

Мұрат ӘУЕЗ, мәдениеттанушы


Латын әліпбиіне көшу халқымыздың талай жылдардан бергі аңсаған арманы ғана емес, заманның өзі тудырып отырған қажеттілік екені сөзсіз. Сондықтан да жаңа әліпби мәселесінің Парламент отырысында талқыланып, оның бірыңғай стандарттарын қалыптастыруға деген ұмтылыс барша қазақтың рухани жаңғыруға деген сенімін арттырып, ерекше серпіліс туғызып отыр. Ел болашағының өзегі болып саналатын осы әліпби мәселесін шешерде мақсат-мүдде де, бағыт-бағдар да барынша айқын болуы тиіс деп есептеймін.

Кириллица отаршыл саясаттың басты құралдарының бірі болғандығын уақыттың өзі әлдеқашан дәлелдеп қой­ған. Кеңестік дәуірде тілі де, діні де, ділі де, тіпті тіні де бір туысқан ха­лық­тардың әліп­биі­нің арасына жік қойы­лып, бір-бірі­нің жазуын тіпті түсінбейтін жағ­дайғ­а жеткізді. Ор­тақ тарихы­мыз­дағы осы ақтаң­дақ­ты ұмытпауымыз және оның қайта­лануы­на ешқашан жол бермеуіміз ке­рек.
Біз бүгінгі таңда латын әліпбиінің өзін­дік үлгілерін қа­­лыптастырған өз­бек, әзірбайжан бауыр­ларымыздың тәжірибелерімен, Түркия әліпбиімен мұ­қият танысып, осы елдердің линг­вист ғалымдарының басын біріктіріп, барша түркі тілдес халықтарына ортақ болатын әліпби стандартын жасауға тиіспіз.
«Ынтымақ жүрген жерде ырыс бірге жүреді» дейді халқымыз. Түбі бір ды­быстарды бір әріппен белгілеу ар­қылы туысқан халықтарды түсіністікке бастап, тарихи-саяси, мәдени сара­лау­да ортақ мүддеге қызмет етуге жол аша аламыз. Міне, жаңа әліпбиге көшудегі басты мақсат та, мүдде де осы болуы керек. Бұл аса үлкен қаражатты қажет ететін шаруа емес, тек ынта мен ыжда­ғат­тылық, уақыт пен төзім керек.
Латын әліпбиіне көшудің басқа да артықшылықтары толып жатыр. Қарқынды дамып келе жатқан жаңа технологиялар мен ғаламтор жүйесі де осы латын әліпбиіне негізделген. Жер ша­рының түкпір-түкпіріндегі қандас­тарымыздың да атамекенде болып жатқан жағдайлармен дер кезінде та­нысып, ел тағдырына біріге араласып, біте қайнасуына да тікелей дәнекер болатын бірден-бір құрал – осы латын әліпбиі.
Төл әліпби үлгісіне көшу еліміздегі басқа ұлттар мен ұлыстар арасында бас­қаша жаңсақ пікір тудырмауы тиіс, бұл тек тәуелсіздігімізді тұғырлап, та­рихи әділеттілікке апарар жол деп қабылданады деп сенемін.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір