Бас редактор тағайындалды
28 тамызда Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының Секретариаты өтті. Жиынға
Н.Оразалин, Ғ.Жайлыбай, С.Балғабаев, Б.Сарбалаев, И.Оразбаев, Б.Шаханұлы, Ж.Шаштайұлы, Ұ.Есдәулет, Қ.Бақбергенов, Б.Жақып, Қ.Құныпияұлы, М.Ыбыраев, Ж.Әшімжан қатысты.
Жиынды жүргізген Қазақстан Жазушылар одағы басқарма Төрағасы Нұрлан Оразалин «Күн тәртібіндегі бірінші мәселе –
«Қазақ әдебиетінің» Бас редакторы Жұмабай Шаштайұлы өз өтінішімен «Егемен Қазақстан» газетіне ауысуына байланысты басылымға жаңа Бас редактор тағайындау» екенін айтты. «Бұл құтты орында талай мықтыларымыз – Сырбай Мәуленов, Әзілхан Нұршайықов, Шерхан Мұртаза, Оралхан Бөкей сияқты алыптарымыз отырған. Жұмабай Шаштайұлының осы жылдарда атқарған баянды, тиянақты жұмыстарына рахметімді айта отырып, секретариат атынан алғыс жариялаймын. Ж.Шаштайұлы кезекті құрылтайға дейін секретариат хатшысы болып отырады», – деді.
Секретариат шешімімен бұған дейін Одақ төрағасының орынбасары қызметін атқарып келген белгілі ақын, журналист
Жанарбек Әшімжан «Қазақ әдебиеті» газетінің Бас редакторы болып тағайындалды. «Қазақ журналистикасына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталған Жанарбек Әшімжан «Шабыт» халықаралык фестивалінің Гран-при жеңім-пазы, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты. «Алматы ақшамы», «Жас Алаш», «Жас қазақ» басылымдарында жауапты қызметтер атқарған.
Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.