Елбасы қабылдады
Сәрсенбі күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевты қабылдады. Бұл кездесуде Д.Абаев Ел Президентінің министрлікке жүктеген жұмыстарының қорытындысы туралы баяндады. Елбасы мемлекет саясатын жүргізу барысында сапалы ақпараттық қызметтің маңызды екенін атап өтті.
Д.Абаев ақпарат саласындағы «100 жаңа есім» бағдарламасы аясында жасалып жатқан жұмыстар жайын айта келіп: «Қазір біз барлық мүдделі
тараптармен бағдарламаның жобасын талқылап жатырмыз. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы жұмыстың төрт негізгі бағытын қарастырады. Олар – инфрақұрылымды дамыту, адам капиталын жақсарту, экономика салаларын цифрландыру және мемлекеттік қызметтер көрсету жүйесін жетілдіру», – деді. Елбасы: «Қазір ақпарат құралдарының алдында тұрған ең басты мәселелер индустриялық-инновациялық бағдарламаның орындалуы. Біздің негізгі баспасөз құралдарының, теле-радионың арнайы бағдарламасы болуы керек. Ал екінші, инфроструктуралық құрылым – «Нұрлы жол» бағдарламасы. Үшінші модернизация. Оның ішінде «100 нақты қадам». Рухани жаңғыру біздің ұлттық идеологиямызды қалыптастыру жолындағы ең маңызды мәселе. Осы бағдарламада көрсетілген бағыттар бойынша барлық ведомстволар, министрліктер және аймақтар үйлесімді жұмыс жасауы керек», – деді.
Қазақстан Президенті кездесу соңында Ақпарат және коммуникациялар министрі Д.Абаевқа бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.