«ҒАЛИ ҒИБРАТЫ»
18.08.2017
1305
0

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында Ғали Ормановтың 110 жылдығына арналған «Ғали ғибраты» атты еске алу кеші өтті. Еске алу кешіне Серік Негимов, Несіпбек Айтұлы, Оразкүл Асанқызы, Алдан Смайыл, Қонысбай Әбілов, Гүлшат Тәңірбергенова және Ғали Ормановтың қызы Жамиға Орманова сынды зиялы қауым өкілдері мен ақын атындағы №7 мектеп-гимназиясының мұғалімдері және кітапхана қызметкерлері қатысты.

Еске алу кешінің мақсаты – Ғали Ормановтың өмір жолы мен шығармашылығын таныстыру, қазақ поэзиясының қалыптасып-дамуына, өсіп-өркендеуіне үлес қосқан еңбегі жайлы насихаттау. Кештің модераторы, ақын – Несіпбек Айтұлы:
– Дара сөздің, ірі сөздің майталманы, Ілияс Жансүгіровтің бір­ден-бір шәкірті. Қазақ лири­ка­сының басында тұрған ақын. Ға­лекең туралы талай естеліктер бар. Өлеңдерінде талай сыр жатыр. Бір ерекшелігі, шәкірттері көп, қазақ­тың алтын діңгегі. Ерекшелігі – кезін­де 1945 жылға дейін Жамбыл ақынның хатшысы болып, қазақ­тың талай жырларын қағазға тү­сіріп қалдырған ақын. Бүгінде Астана қаласының төріндегі №7 мек­теп-гимназиясы ақын атында және Талдықорған қаласында ақын­ның ескерткіші мен ақын атындағы көше аты да бар.Ғали Ор­мановтың қызы – Жамиға Орманова:
– Рақметім мен алғысымды кі­тапханаға және ұйымдастыру­шыларға айта отырып, «Әкең өлсе де, әкеңнің көзін көрген өлмесін», – дегім келеді. Әкем туралы ес­теліктерге тоқталып өтсем, ол кісі 1938 жылы Жамбылдың жанына хатшы ретінде барған, себебі, Жам­был ақын жаза алмаған, ал, әк­ем ақынның айтыстағы өлең-жыр­ларын жазып, редакциялап, қағаз бетіне түсіріп отырған. 1945 жылы Жамбыл ақын дүниеден өтіп, 1946 жылы 100 жылдығы тойланды, жыр-дастандар жина­ғын жариялады. Әкем – күнделік жазған кісі, үзінді әңгімелері шық­ты, латын графикасымен жа­зыл­ған. Жамбылға барған күннен қайтқанға дейін жазылған. Жамбыл ақын да қыдыра келсе, еш­қайда мойын бұрмастан үйге келетін, себебі, анам ұлы Жамбыл­дың жай-күйін баптауды білетін. Біз сол бала күнімізде Жамбылды көргенбіз, сонымен өстік. Сондай-ақ, әкемнің өмірінде Ілияс Жан­сү­гіров кездеседі. әкем өлеңін оқып береген соң, ол кісі Алматы­дағы Абай атындағы университетке оқуға кеңес береді. Содан бі­ті­ріп, қалаға анамды алып келгенде Ілияс Жансүгіровтің бір бөлме­сінің қақ ортасынан мата арқылы бөліп, 2 жанұя тұрған. Респрессия басталғанда, І.Жансүгіровті соттап жібергенде «Ілиястың күшігі», – деп, газетке мақала шы­ғады. Сонда да әкем сабырлық та­нытты, сол жылы соғыс басталып, әкемді Жамбылдың жанына жібереді. Тайыр Жароков, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсіреповтермен дос бола жүріп, айтыстарда ай­тыс­қан. Толстойдың «Анна Каренинасын» Шолоховты аударған. Дүниеден өткен соң Евгений Евтушенко «Адам тағдыры» атты өлеңін орысшаға аударып, Мәс­кеуде «100 лучших поэтов Советского Союза» деген кітапқа енген. Адам мәңгілік жасамайды, ұрпақ­тары қалса, зор мәнге ие.
Ақын кешіне арнайы түрде көр­месі ұйымдастырылып, кітап көрмесімен жалғасын тапты.

Әсем Сағиқызы.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір