Бояу сырын ұққан
Ол тірі аңыз еді. Сабыр Мәмбеевтің «Тауда» (1957) атты жұмысы Шығыс халықтарының (Мәскеу) өнер мұражайында, ал «Киіз үй» (1958) туындысы Третьяков галереясының жеке жинағында орналасқан.
Суретшінің жайлы және тыныштық орнаған кештері, «Киіз үй» картинасындағы сезімтал көрініс – қазақ көркемөнерін дамыта түсті. Бұл туынды, тіпті, «Жастық» журналында жарияланды және автордың жоғары шеберлігі, оның бірегей көркем стилистикасы Қазақстаннан бөлек, басқа елдерде де кеңінен танымал болды. Тамаша суретші-лирик Сергей Герасимов «Тауда» және «Киіз үй» жұмыстары жайында 1958 жылы Мәскеуде өткен қазақ өнерінің Онкүндігінде: «С.Мәмбеевтің полотнолары туған халқының болмысының қуанышына толы. Бейнелеу мәнері өзгеше атмосфераға толы, сәнді болып келеді, олар жарықпен, күнмен, ашық түстермен толықтырылған… ұлттылығымен қатар өзінің эмоционалдық саптарымен заманауи болып келеді», – деген еді.
Кенбаев пен Телжанов бәйгелерінің динамикаға толы композицияларынан Мәмбеевтің айырмашылығы – онда қозғалыс жоқ, барлығы тыныштықта. Оның көркем тілі – қазақ менталитетін пайымдау идеясы; меңзей қараудың жай-күйі, далалық өмір салтын ұстануға тән қасиет.
Мәмбеев – қазақстандық колористердің ішінде өте сезімталы. Елуінші жылдардың ортасында Қазақстанда кескіндеменің жаңа кезеңі басталады, ол сол кездегі көркем оқу орындары Мәскеу мен Ленинградтан үздік білім алған талантты жастардың келуімен байланысты.
Ленинградта оқуы аяқтағаннан кейін, ұзақ жылдар бойы туған жерін сағынып келген суретші бірнеше картина жазады. Қаламгер қазақ ауылының өмірін, сұлулығы мен даналық болмысын шығармаларында ерекше көрсетіп береді. «Көктем» (1964) туындысындағы ашық және қара дақты түстердің қозғалысы мен статикасы, жасыл алқаптың нәзіктігі мен күміс шөптердің фактурасын беріп қана қоймай, дала сұлулығына деген ұстанымды махаббатын кенеп бетіне түсірді. Сонымен қатар, тақырыптық суреттермен бірге, Мәмбеев портреттерді де жазады, оның қылқаламына көптеген тамаша образдар тиесілі.
Клара Исабаева,
Қастеев атындағы өнер музейіндегі баспасөз қызметінің жетекшісі.