«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» жөнінде…
Еліміздегі «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» туралы заң 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енбек. 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап алғашқы белгіленген соманы жинау жұмыстары басталады. Соған сәйкес, аталмыш мерзімнен бастап МӘМС барлық тұрғындардың жыныс, жас, әлеуметтік статус, тұрған жері мен алатын жалақысына қарамай ай сайын Қор есебінен оларға медициналық және дәрігерлік көмек көрсетуге кепілдік береді. Бұл ретте, 2017 жылы жұмыс беруші өз жұмысшысының төлемақысынан 1% пайыз мөлшерінде МӘМС қорына жарна төлейді. Қазіргі қаржылық ахуалға қатысты жарналар 2018-2019 жылы – 1,5 %, 2020 жылы – 2%, ал 2022 жылдан кейін 3%-ға біртіндеп өсіп, корпоративтік жеке салықтарды есептеу кезінде шегерілмек. Жарна 15 ТТМ (Төменгі төлемақы мөлшерінен) аспайды. Биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап жекелеген кәсіпкерлер екі ТТМ-нен 5% (2017 жылғы ТТМ 24459 теңге) көлемінде жарна төлейді. Ал жалдамалы жұмысшылар 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақысының 1%, 2020 жылы 2% Қорға төлеп тұруға міндетті. Тұтастай алғанда, 2020 жылдан бастап жұмыс беруші мен жұмыскердің МӘМС қорына төлейтін жарнасы 5% болмақ. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бері қарай белсенділігі төмен тұрғындар бір ТТМ-ның 5% Қорға құйып отыруы тиіс. Кім медициналық сақтандыру қорына жарна төлемейді?
Әлеуметтік қорғалған тұрғындар санаты
– балалар;
– көп балалы аналар «алтын алқа», «күміс алқа»;
– ҰОС ардагерлері, мүгедектер;
– Зейнеткерлер;
– Жұмыс істемейтін оралмандар;
– Колледж, кту, институт, университеттерде күндізгі бөлімде оқитын студенттер;
– Жүкті әйелдер, бала 3 жасқа толғанға дейінгі мерзімде декреттік демалыстағы тұлғалар;
– Жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғалар;
– 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға күтім жасайтын жұмыс істемейтін азаматтар;
– Сот үкімімен жазасын өтейтін тұлғалар уақытша қамау мен тергей изоляторында отырған тұлғалар.
Белгіленген жарналарды төлемеуіне байланысты қоғамдағы өзіндік статусы жоқ тұрғындарға медициналық қызмет көрсетілмеуі мүмкін. Өйткені, егер де азамат жұмыссыз ретінде тіркелуден бас тартса, онда ол Қорға ТТМ-нен 5% я болмаса айына 1144, сонда жылына 16970 теңге төлеп тұруы керек. Ал өзіңіздің әлеуметтік статусыңызды «http://egov.kz» Электронды үкімет порталына кіру арқылы анықтай аласыз. Ол үшін алдымен порталға тіркеліп, содан кейін бастапқы беттегі «Әлеуметтік статусты тексеру» сілтемесін басу арқылы Сізге қандай статус берілгенін біле аласыз.
М.Қ.ОМАРҚҰЛОВА,
ШЖҚ КММ «№1 Алматы қалалық емханасының»
Кеңес-диагностика бөлімінің меңгерушісі.