Абай ілімі және рухани жаңғыру
11.07.2017
2294
0

Жуырда ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасының мәжіліс залында Алаш қозғалысының 100 жылдығына орай ұйымдастырылған «Абай ілімі және рухани жаңғыру» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. 

Аталмыш шарада Тәуелсіздік кезеңіндегі абайтану мен Алаш қайраткерлері мұрасының зерт­теліп, зерделенуі, Абай ілімінің рухани жаңғырудағы орны, Алаш қайраткерлерінің хакім ілімін қалай жалғастырған­дығы мен жаңа ғасырдағы абайтану мәселе­лері сөз болып, жан-жақты тал­қы­ланды. «Дөңгелек үстел» М­.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, көсемсөзші, жазушы, жамбылтанушы, филология ғылы­м­ының докторы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР ҰҒА академигі У.Қ.Қалижановтың кіріспе сөзімен ашылды. Одан кейін Семейдегі Абайдың мемле­кеттік тарихи-мәдени және әде­би-мемориалдық қорық-мұра­жайы директоры Б.Жүнісбеков «Қазаққа емес, қараңғылыққа қапалы…» деген баяндамасында хакім мұрасының Совет кезінде бұрмалануы туралы айтса, ұлы ақынның шығармашылығын түбегейлі зерттеп жүрген абай­тану­шы-ғалым, филология ғы­лымының докторы, профессор М.Мырзахметұлы «Абайдың «Толық адам» концепциясы және рухани жаңғыру», ҚР ҰҒА академигі Х.М.Әбжанов «Қазіргі тарих ғылымы және рухани жаңғыру», экономика ғылым­ы­ның докторы, профессор О.Сәбден «Абай ой-өркениетінің еліміздің рухани жаңғыруындағы үлесі», әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтының дирек­торы, филология ғылымының докторы, профессор Ж.Дәдебаев «Абайтану ғылымының дербес ғылыми-ақпараттық базасы», М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Абайтану және жаңа дәуір әдебиеті бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымының кандидаты, профессор С.Қорабай «Абайтану жаңа ғасырда», І.Жансүгіров атын­дағы Жетісу мемлекеттік уни­верситетінің доценті, филология ғылымының кандидаты, С.Қожағұлов «Абай таны­мын­дағы кемел ой, кәміл сенім», Шығыс Қазақстан Облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қо­рығының ғылыми қызметкері Г.Кашаку «Абай тақырыбы Қа­зақстан суретшілерінің туындыларында», М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының жетекші ғылыми қызметкері, филология ғылымының кандидаты А.Машақова «Абай шы­ғармаларының шетелдік рецепциясы» мен Өзбекстандағы Халықаралық Тұран Академия­сының академигі Қ.Сейданов «Абай және өзбек әдебиеті» тақырыбында жасалған баяндамалар өте мәнді де, мазмұнды шықты. Жиын барысында ай­тыл­ған әр орынды ойды филология ғылымының кандидаты, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғы­лыми хатшысы Альмира Қалиева түртіп отырды. Конференция соңында әдебиетшілер арнайы шақырылған қонақтар – Абай­дың шөбересі, Ақыл­бай­дың не­мересі Кәсира Ис­райылқызымен, Тәңірберген (Тәкежан) Құнан­байұлы­ның ұрпағы Еркежан Қизатолла­қызы­мен және Кәкітай Ысқақұлы Құнанбаевтың ұрпағы Нұргүл Әлішерқызымен естелік ре­тінде суретке түсті.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір