Этнографиялық әңгімелер
Жуырда «MER-Press» баспасынан белгілі жазушы, өлкетанушы, шежіреші Кәмел Жүністегінің «Көгілдір күмбез» атты әңгімелер мен хикаяттар жинағы жарыққа шықты.
Қиын да қызықты тағдыр иесі – автор ғұмыр бойы ауылдағы өз кейіпкерлерімен бірге солардың ортасында өмір сүріп келе жатыр. Ол не жазса да шынайы жазады, қызықты жазады, сендірте жазады. Қаламгердің жер-су аттары, өнерпаздар, ел бастаған азаматтар жайлы туындылары нақтылығымен, деректілігімен құнды. Әсіресе, қазақтың ежелгі есепшілігі, ай-жұлдызға қарап ауа-райын болжауы туралы дүниелері тың болып табылады.
Автордың көкірегі ояу, көзіқарақты оқырманға ой салатын әңгімелері, хикаяттары қызықты оқылады.