АРМАНСЫЗБЫН. СЕБЕБІ, МЕН – ЖАЗУШЫМЫН

0
174 қаралды

Харуки МУРАКАМИ:

Даңсалы жапон жазушысы Харуки Муракамидың жаңа романы «Командорды өлтіру» атты кітаптың алғашқы беттерінде, бір сиқырлы қоңырау өзінен-өзі сыңғырлайды; бір дерексіз идея, екі аяқты, ұзын адамның денесін кескіндемеден ұрлайды; және жер асты әлеміне ғажайып саяхат көрініс табады. Бұл бейне автор бір кезде өзі жазғандай: «Көптеген нәрселердің түйіні жоқ» дегенге саяды. Муракамидың шығармалары әлем халықтарының бірнеше тіліне аударылды. Романнан тыныс тапқанда қаламгер шағын әңгімелер жазады және ағылшын тілінен жапоншаға шығармалар аударады. Жуықта, ол орталық саябақта бір сағат жүгіру жаттығуынан соң, баспагеріне шағын сұхбат берді.


– «Командорды өлтіру» атты шы­ғармаңыздың идеясы ойыңызға қалай келіп еді?
– Білмеймін. Оны ой-санам­ның терең түкпірінен алып шық­қан­дай болдым. Бірініші және екінші параграфтарды жазу өзіме де то­сындау болды. Содан кейінгі оқи­ғалардың қалай өрбитіндігі туралы ештеңе ойлай алмадым. Сосын, бұл шығарманы тартпама салып қой­ып, соңын күтумен болдым.
– Әйтсе де, кітаптың қалған бө­лігі қалай жазылды?
– Көп өтпей, бір күні туындыға керек идея келе қалды, қаламымды қолыма алып, тоқтамай жаза бас­тадым. Әр шығарманың қағазға түсетін өз уақыты болады, соны күте білу керек, сол сәттің оралары даусыз. Шығармаға қажетті идея таба аламын деген сенім де жазу­шыға ауадай қажет. Менде осындай сенім болды, себебі, менің 40 жыл­дық жазушылық тәжірибем бар, шығарманы қалай жазу керегін жақсы білемін.
– Шығарма жазу барысында көп қиналасыз ба?
– Өз шығармаларыма қолым жүрмеген кезімде, басқалардан шығарма аударуға кірісемін. Бұл еңбек шығарманың сәтін күту үшін де тиімді, әрі оны жаттығудың бір түрі һәм ақыл-ой еңбегі деп атауға да болады. Онымен қоса, мен үнемі жүгіремін, музыка тыңдаймын және киім үтіктеу секілді отбасы шаруаларын да істеймін. Киім үтіктеуді ұнатамын.
– Шығармаларыңызға байла­ныс­ты жазылған рецензияларды оқисыз ба?
– Мүлде оқымаймын. Көптеген жазушылар осылай дейді, олардыкі өтірік, ал, менікі шын. Әйелім әр­бір рецензияны қарап шығып, мені жеріме жете сынағандарды ғана дауыстап оқып береді. Оның айт­уын­ша, мен кері пікірлерді де қа­бы­ладауым керек, Ал, мақтау ара­ласқан сын-пікірлерге назар ау­дармауға тиіс екем…
– Кітаптарыңыздың дені сюр­реа­листік және фантастикалық жанр­ларда. Өз өміріңіз де осындай бағытта ма?
– Мен – реалист адаммын, әрі тә­жірибелі жазушымын, бірақ, шығарма жазғанда өзімнің сырлы әлемімде өмір кешемін. Бұлай істеуім өзімді іздеуім – не іздесем де мен өзімнің ішкі әлемімнен іздей­мін. Егер сен көзіңді жұмып, өз әлеміңе сүңгісең, беймәлім ға­лам­ды көзің шалады. Бұл бейне космосты іздегенмен барабар нәр­се. Бірақ ол сенің ішкі әлеміңде ғана бар дүние. Сіз өте қауіпті әрі қорқынышты жер­ге қадам басқа­ныңызда, кері қайту жолын да білуіңіз қажет.
– Сіз үшін шығармаларыңыздың астарлы мағынасын айту қиын сезілетін секілді.
– Жұрттың бәрі үнемі кітапта­рым туралы: «Бұның қандай мағы­насы бар?», «Мына бір шығармаң арқылы нені айтпақ болдың?» деп сұрап жатады. Бірақ мен түбегейлі ештеңені де түсіндіріп бере алмай­мын. Шығармамның сырын мен тек өзіме ғана айта аламын, мына дүниеге ғана айта аламын, әрине, метафоралық түрде. Бірақ ме­та­фора­ларды түсіндіріп немесе талдау жасай алмайсыз. Тек бұл үлгіні қабыл­дай аласыз. Сол үшін де, кі­тап – метафора.
– «Командорды өлтіру» кітабын сіз осыдан он жыл бұрын жапон ті­ліне аударған «Ұлы Гэтсби» шығар­ма­сына деген құрмет деп едіңіз. «Ұлы Гэтсбиді» америкалық арман­ның шегі туралы деп оқуға болады, ал, бұл кітап сіздің туын­дыда қалай көрініс тапты?
– «Ұлы Гэтсби» менің өте ұна­тып оқитын кітабым. Бұл керемет шығарманы 17-18 жасымда оқым­дым. Қанша айтқанмен таңдаулы туынды ғой, шығармаға құрылған әңгіме желісі мені бірден өзіне тартты, себебі, бұл арман туралы кітап еді, әрі арманың іске аспаған­да қандай күйде болатының туралы да дерек береді. Міне, бұл мен үшін өте маңызды тақырып. Мен бұны амер­икалық арман ретінде қарас­тырмаймын, бір жас жүректің арманы, сосын, қарапайым арман­ның көрінісі деп ойлаймын.
– Сіз не туралы армандайсыз?
– Ештеңені армандамаймын, мүмкін кейде айына бір-екі рет әлденені армандауым мүмкін. Өкі­ніштісі сол: не туралы арманда­ға­нымды есіме түсіре алмаймын. Бі­рақ, бір сөзбен айтқанда, ар­­ман­сызбын, себебі, мен шығарма жаза аламын.

Сұхбаттасқан Сара Лиал

Ағылшын тілінен аударған Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН,
«The Independent News» сайтынан аударылды

Пікір қосу

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.