«КЕРБҰҒЫНЫҢ» ЖОРЫҒЫ

0
243 қаралды

28 қыркүйек – қазақ әдебиеті үшін «алтын құрсақ» күн. Дәл осы күні Мұхтар Әуезов, Шерхан Мұртаза, Оралхан Бөкеев дүниеге келіпті. Ұлы Мұхаңның арамыздан алыстап кеткеніне көп жылдар болды. Шерағаң, шүкір, 86 жастың шырағын жағып отыр . Ал, Оралхан – «Кербұғы» ортамызда жүргенде осы күні 75 жастың желкенін керіп тұрар еді. Төл әдебиетіміздің төрінен орын алған «үшемнің» туған күнін атап өту – «Қазақ әдебиетінде» қалыптасқан дәстүр. Сондықтан бүгінгі нөмірімізде Әуезовтің «Абай жолы» үшін «Казправда» газетімен шарпысуын, қаламгер, қайраткер Мұртазаның шуақты күндерінің бір үзігін, Бөкеевтің бөлек әлемін жырлаған сағынышты эссені естеліктермен қосып, жариялағанды оң көрдік. Сарша-тамыз саратанның сапары мизамға ұласатын қыркүйек – берекелі ай. Міне, соның дәлелі: араға жарты ғасырға жуық уақыт салып Астанада Азия мен Еуропа құрлығының жазушылары бас қосты. Иә, осыдан 45 жыл бұрын Алматы Азия-Африка жазушыларының конфренциясына құшағын ашқан еді. Оларды сол кезде ақын Әбділда Тәжібаев:

«Ассалаумағалейкум,
Азиялық достарым,
Африкалық достарым,
Өздеріңсің алыстан аңсап тосқаным,
Алдарыңда аппақ басымды иемін,
Әрбіріңді бауырыма басып сүйемін», –
деп қарсы алыпты. Ал, бүгінгі заманның күрделілігін ескерген Астана форумы болса, мәртебелі меймандарын «Адамзат. Шексіздік. Мәңгілік» деген пәлсапалық толғаммен күтіп тұрды. Әдебиет жылнамасына еніп үлгерген, ертең қарт тарихтың бетінде сөйлейтін Астана форумы біздің «Кербұғының» (жалпы қазақ қаламгерлерінің деп ұғыңыз) әлемдік әдебиет жорығына аттанғанын әйгілеп берсе керек.

Пікір қосу

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.