ПРЕЗИДЕНТТІҢ БЕС ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМАСЫ

0
254 қаралды
Елбасы Парламентте өткен қос палатаның отырысында халықтың әл-ауқатын арттыратын «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуін жариялады.
Н.Ә.Назарбаев жоғары білім алу­дың сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, әрбір отбасыға баспана алудың жаңа мүмкіндік­те­рін беру, жалақысы төмен жұ­мыс­­шылардың еңбекақысын кө­бейту үшін салық жүктемесін аз­ай­ту, шағын несие беру көлемін арт­тыру және елді газбен қам­та­ма­сыз етуді тапсырды. Президент атал­мыш жүктемені тапсыра оты­рып:
«Бірден айтайын: бүгін ай­ты­лат­ын ұсыныстың бәрі – есеп-қи­сабы мұқият жасалған бағдарлама. Бұл – елдің игілігіне арналған ұтым­ды, сонымен қатар, оптимис­тік жоба. Мен өркендеген Қазақ­с­тан – ең алдымен мемлекеті өзін қорғап, қолдайтынын, қамқорлық жасайтынын сезінетін, тиісінше елін жан жүрегімен сүйетін, өз­де­ріне сенімді адамдар деп санаймын. Сол себепті, біз бүгін жаңа, ау­қым­ды әлеуметтік жобаларға жол ашамыз», – деді.
Халықтың әлеуметтік жағ­да­йын жақсартуға бұл бес бастама үлкен серпіліс берері анық. Прези­денттің аталмыш Үндеуі жайлы сөз қозғай келіп, Премьер-Ми­нис­тр Бақытжан Сағынтаев:
«Қашанда халқының жан дүниесіне терең бойлап, елінің жүрегіндегі арманын тамырын тапқандай дөп басатын Елбасының бастамаларын мүлтіксіз жүзеге асырып, тиянақты орындау – бәрімізге сын! Сондықтан біз бар­лық күш-жігерімізді жұмыл­дырып, Елбасы жүктеген, ел күткен үдеден шыға білуге тиіспіз», – деп нақ­тылады.

Пікір қосу

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.