Еуропа сахнасында «Қыз Жібек»

0
56 қаралды

Осыдан бір ғасырға жуық уақыт бұрын, яғни 1936 жылы Мәскеу қаласында тұңғыш рет өткен Қазақ өнерінің декадасында (он күндік) сол кездегі Қазақ АССР-інің музыкалық театры (Опера театры) мәдени-көркем шараны «Қыз Жібек» қойылымымен ашты. Жібек бейнесін кемеліне келтіріп сомдаған, жасы небәрі 24 ке енді жақындаған, қайталанбас дауыс иесі Күләш Байсейітоваға Станиславский, Немирович-Данченко, Качаловтармен қатар тұңғыш рет «КСРО Халық артисі» атағы берілді. Араға 81 жыл салып Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының «Astana Musical» театры Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыру мақсатында дала театрының элементтерін пайдалана отырып «Ұлы Дала театры» атауымен «Қыз Жібек» этно-фольклорлық мюзиклін ұсынды. Бұл жолы үлкен гастрольдік турне Мәскеу ғана емес, Еуропаның ірі-ірі бес қаласын қамтыды.

«Astana Musical» театры– Қа­зақ­стан­дағы тұңғыш мамандандырылған мюзикл театры. «Astana Musical» театры ҚР Мәдениет және спорт ми­нистр­лігінің қолдауымен 2016 жыл­дың маусым айында құрылды. Театр­дың негізін қалаушы, көркемдік же­текші әрі бас режиссері – Қа­зақ­стан­ның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров.
81 жыл бұрын Күләш, Қанабек, Құр­­манбек, Ғарекеңдер арқылы қа­лық­таған «Қыз Жібек» – жаңа ға­сыр­да­ғы тәуелсіз ұрпақтың орындауында өз­геше өрнек тапты.
Еуропалық театр өнері мыңдаған пье­саларды тудырды. Бұл театрдың өз­геше типі. Және бұл театрда сюжет пен автор әрдайым маңызды рольге ие. Пьесаның авторы лайым режиссер жә­не ол композиторға әр көріністен қан­дай әуен тыңдағысы келетіндігін тү­сіндіреді. Ал «Қыз Жібекке» Еу­ро­па­лық театрдың тәсілдерін енгізу мүмкін бе? Және Еуропа жұртшы­лы­ғына оның керегі қанша? Ғабит Мү­сіре­повтің либреттосы мен Евгений Бру­силовскийдің рухани мұрасынан алыс отау тігу мүмкін де емес. Сол се­бепті режиссер, Қазақстанның ең­бек сіңірген қайраткері Асхат Мае­ми­ров Брусиловский жүйелеген «Қыз Жібек» операсын этно-фольклорлік ан­самбльге лайықтап қайта өңдеп, ор­кестровкасын жасауды этно-му­зыкант Бауыржан Ақтаевқа сеніп тап­сырған болатын. Ал билерін қой­ған балетмейстерлер Анвара Са­ды­кова мен Уалитбек Сиязбек.
Шымылдық ашылған мезетте сах­надан естілген қылқобыздың са­рыны Еуропа жұртын қазақ даласына ша­қырғандай әсер қалдырды. Қойы­лымдағы музыкаларды «Астана сазы» ан­самблінің артисі Аян Омаров орын­дады.
Сахнада «Қыз Жібек», залда – Ма­ри Кристин Сирежол, Лаша Чxар­тиш­вили, Давид Чавлис сынды бел­гілі сыншылар мен жас театрдың бе­талысын байқағысы келген еу­ро­па­лық кірпияз көрермен . Сонау XVII ғасырдан бастау алған лиро-эпостық жыр, бір деммен, әдемі ырғақпен өр­біп отыратын өзімізге баяғыдан та­ныс фольклорлық сюжет аңыздар әле­мінен кереметтей сыр шертті. «Қыз­ Жібек» тек өз сүйгені Төлегеннің ғана емес, халқының ар-ұяты, сұлу­лы­ғы мен ақыл-парасаты, адалдықтың символы. Режиссер ұстанған негізгі концепция осыған саяды.
«Қыз Жібек» этно-фольклорлік мю­зиклінің басты ерекшеліктерінің бі­рі кейіпкерлердің көз баурайтын, са­палы тігілген костюм, яғни киім үл­гілері. Алма Сырбаеваның сурет­кер­лік шеберлігінен туындаған киім­дері сәнді, ықшаммен әдемі пішілген. Көп қыздардың ішінен оқшау көрі­ніп, «Гәкку» әнін шырқаған қызыл көй­лекті Жібек, Төлеген алдына шы­ғар­да әсем безендіріліп, әдемі әдіп­тел­ген ақ сәукелелі, ақ көйлекпен шық­қанда Мәскеу жұртшылығы там­сана көз тікті. Төлеген мен Жі­бек­тің бір-біріне деген кіршіксіз ма­хаббаты Инабат пен Оразалы тан­де­мінен тамсандырар көрініс тапты.
Төлеген ролімен жарқ еткен Ора­залы Игілік толқуға, тебіренуге бейім орындаушы. Ол роль табиғатын еркін сезінеді. Кеудесіне оқ тиіп жараланған сәттегі Төлегеннің ариясын орындап жатып, роль табиғатынан, оқиға ая­сы­нан ажы­рамай жеткізеді. Шырқата ән са­лып, Жібектің сұлулығына там­санған жанары залға бағыт­тал­ғанда, оны­мен бірге көрермен де Жібекке там­санары хақ. Сахналық серіктесі (Расул Усманов) екеуінің «Жамбы ату» бәсекесіндегі рухты биді орын­дауы жас актерлердің мүмкіндіктерінің молдығын, шебер­ліктері шыңдалып келе жатқандығын дәлелдегендей.
Қазақ киносында – Бекежанның биігіне жеткен әйгілі Асанәлі Әшімов болса, театрда Асылболат Смағұлов бас­таған талай сахнагер жасындай жар­қылдаған. Бекежан бейнесін ту­дыру­да Расул Усманов мінез ерек­ше­ліктерін өзінің рухани болмысымен без­бендей отырып, нанымды бейне жа­сады. Тіл, мимика, пластика – бәрі де Бекежанның бейнесін ашуға жұ­мылдырылған. Сол себепті де, Ус­ма­новтың Бекежанында өзгеше ыр­ғақ бар.
Расул Париждегі «Le Trianon», Брюс­сельдегі «Brussels 44 center», Ве­надағы «Muth theatr», Мәскеудің «Модерн» театрларында өз кейіпкерін әр қырынан көрсетіп, әртүрлі тәсіл­мен сомдай білді.
Қойылымда өзінің бар бітім – бол­мысымен, ішкі жан сұлулығымен то­лық ашылып жарқырап көрінетін тұлға – Қамқа бейнесі. Осы бейнені көрермендерге жеткізу Қазақстанның ең­бек сіңірген қайраткері Айнұр Бер­мұхамбетоваға жүктелген. Көптеген бас­ты рольдерде ойнап, актерлік ше­берлігін үнемі жетілдіріп, үздіксіз шы­ғармашылық ізденіспен өсу-өрлеу жо­лында келе жатқан, өзіндік өнер мә­нері қалыптасқан тәжірибелі
акт­риса – Қамқа бейнесін сахнаға шы­ғару арқылы жаңа қырынан танылды.
Жас актерлер Дарын Шыныбек (Базарбай), Армат Амандықов (Ше­ге), Сәнді Қаршалова (Дүрия), Гүл­да­на Әбдісадық (Батсайы), Таң­шолпан Нұртілеуқызы (Қарлығаш), Азамат Замзарханов (Сансызбай) ойын өр­нек­тері қойылымның көркемдік бол­мысын әрлей түсті.
Ұлт театрларымен жақсы таныс про­фессор Мари Кристин Сирежол, Өнер­тану докторы Лаша Чxар­тиш­вили, театртанушы Давид Чавлис сын­ды мамандар қойылымға байла­ныс­ты өз ойларын ортаға салды. «Бұл сіз­дердің мың бояулы мәдениет­теріңізден хабар беретін, өте ерекше қойылым болды. Тілі бөлек болған­мен, актерлер ойынының өзара үйле­сі­мі мен вокалдық қабілеті, кейі­п­кер­лер эмоциясын жеткізудегі шеберлігі ма­ған өте терең әсер етті. Бұл жо­ба­ның жетекшілеріне, француз халқына осын­дай әсерлі кеш сыйлағаны үшін ал­ғыс айтамын», – деп Давид Чавлис ағы­нан жарылса, «Қазақ халқының өте бай ұлттық мәдениетіне куә бо­лып, қазақ еліне сапар шегіп қайт­қан­дай әсердеміз. Әртүрлі аспаптарда орындалған әсерлі әуендер мен та­биғи дауыста шырқалған әндер жүрек те­бірентті», – дейді Сарбон универ­сите­ті­нің профессоры, белгілі театр­тану­шы Мари Кристин Сирижол. Ал театртанушы Лаша Чхартишвили: «Мен «Astana Musucal» театрының бо­лашағы зор деп ойлаймын. Себебі олар­да үлкен потенциал бар. Әртүрлі бағытта өнер көрсететін мүмкіндігі мол екенін аңғардық. Бұл спектакль Ас­тана театрларының деңгейін, әсі­ресе жас ұжымның қарым-қабілетінің өскендігін көрсетеді. Фольклор та­қы­рыбын бүгінгі күнмен қабыс­ты­рып, оған жаңаша үн, екпін, ырғақ, ас­тар, тұспал енгізуі – режиссердің ба­тыл қимылын байқатады», – деген ойын айтты. «Болашаққа бағдар: ру­хани жаңғыру» бағдарламасы мен «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақ­стандық мәдениет» жобасы аясында Еуропаның қалаларында өнер көр­сет­кен «Astana Musucal» театрының са­пары Францияның астанасы Па­риж­ден басталып, ары қарай Канн, Брюс­сель, Вена, Берлин жерінде жал­ғасты.
Мирас ӘБІЛ,
«Astana Musucal» театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі.

Пікір қосу