Қаржы пирамидасынан абай болыңыз
Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар компаниялар құрады және оларды аса жоғары табыс табуға болатындығына сендіріп, аңғал адамдарды тартады. Өткен ғасырлардағы сияқты мұндай пирамиданың да схемасы – қаражатты жаңадан келгендер есебінен төлеу.
Біраз пайда тапқан алғашқы аңғал салымшылар өздерінің орасан зор пайдаға қол жеткізгені туралы «қуанышты» жаңалығымен бөліседі және оған өз туыстарын, достарын және таныстарын тарту арқылы аталған жобаны интернетте белсенді түрде жарнамалайды.
Пирамиданы ұйымдастырушылар «серіктестік бағдарламаларды» пайдаланады, олардың қатысушыларын спорттық жарыстардың нәтижелеріне қарай емес, бәс тігуге неше адам әкелетініңізге байланысты қомақты пайдаға кенелесіз деп сендіреді. Мысалы, сіз белгілі бір соманы салуыңыз және оларды тарту арқылы қосымша бір дивиденттер алатын белсенді екі клиентті тартуыңыз керек. Нәтижесінде пирамида жаңа «инвесторлардың» ақшасы есебінен белсенді дами бастайды.
Қазақстанда қаржы пирамидаларының қызметі заңсыз әрі тыйым салынған, демек, пирамида ұйымдастырушылары қол қойған құжаттардың ешқайсысы заңды күшке ие болмайды. Сізді қаржы пирамидасына тартқан жағдайда абай болыңыз. Кез келген қаржы пирамидасының бір күні міндетті түрде құлдырайтынын және уәде етілген қомақты пайданың орнына сіз өзіңіздің барлық салымдарыңыздан бір сәтте айырылып қалатыныңызды естен шығармаңыз