Қаржы пирамидасы – алаяқтықтың бір түрі
Қаржы пирамидасы – бұл алаяқтықтың бір түрі, бұл жағдайда жаңа қосылған адамдар ақша салады, ал олардың салған ақшалары бұрын қосылған қатысушыларға төленеді. Негізгі идея – жоғары кіріс уәде етіп, жаңа қатысушыларды тарту болып табылады. Адамдар мен ақша ағыны тоқтағанда ақ пирамида құлайды.
Ақшаңызды салмас бұрын, кімге және қандай мақсатқа беріп жатқаныңыз туралы ойланыңыз. Егер өз қаражатыңызды сенім білдіріп салғыңыз келетін ұйымда жоғарыда аталған белгілердің барлығын немесе бірнешеуін анықтасаңыз, кезекті қаржы пирамидасына тартып жатқан жоқ па дегенді ойланғаныңыз дұрыс.
Қаржы (инвестициялық) пирамида құрғаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 217-бабында үш жылға дейінге мерзімге қылмыстық жауапкершілік көзделген.
Жарнама дайындағаны, таратқаны және орналастырғаны үшін қаржы (инвестициялық) пирамидасының қызметіне ҚР ӘҚтК-нің 150-бабы бойынша әкімшілік жаза және 150-600 АЕК аралығындағы мөлшерде айыппұл салынуы мүмкін.
Сізге қаржы пирамидасына қатысуға ұсыныс жасалатын болса, тұрғылықты орныңыз бойынша дереу құқық қорғау органдарына, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі мен ҚМА-ға жүгіну қажет.
Сондай-ақ, қаржы нарығында заңсыз қызметті жүзеге асыруға күдік туындаған жағдайда Cіз Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жүгіне аласыз. Қаржы реттеушісіне «FingramotaOnline» мобильді қосымшасының» «Қаржы пирамидалары және қаржылық алаяқтық» бөлімі арқылы байланыса аласыз.