Қазақстан Паралимпиадада алғашқы медалін иеленді
16.03.2026
238
2

Италияда өтіп жатқан қысқы Паралимпиада ойындарында қазақстандық спортшы Ербол Хамитовтың жанкүйерлері қуанышқа бөленді. Жарыс үш кезеңнен тұрды. Пара-шаңғы жарысының 1500 метрлік классикалық спрей санатында алдымен ірктеу, артынан жартылай финалында үздік алтылық анықталды.

Жүлделер сарапқа салынған финалдық сында орталық сөреден алға жүйткіген жерлесіміз шебер қимылдап жылдамдығын жоғалтпады. Финалдық алтылық тауды еңсеріп сөреге жақындағанда, қарсыластары да қамшы басты, бірақ Ербол ерледі. Мәреге үшінші келді және әлем кубогі кезіндегі жүлделерінің қатарына паралимпиада қоласын қосты. Ол қашықтықты 2 минут 29 секундта еңсеріп, жарыстың үздік үштігін түйіндеді.

 

Ербол Хамитов пара-шаңғы жарысында көрсеткен нәтижесі туралы журналистерге берген сұхбатында: «Бұл менің асқақ арманым еді, бұдан екі ай бұрын Мемлекет басшысы еліміздің көк байрағын маған табыстады. Бұл маған үлкен жауапкершілік болды. Осы жеңістерімді еліме арнаймын», – деді.

Алтын медаль қытайлық Лю Цзысюйге бұйырса, күміс жүлдені бразилиялық Кристиан Вестемайер Рибера еншіледі. Жарыста Ю.Березин, А.Грачева, Н.Әлімов және В.Ковальда өнер көрсетті. Енді ұлттық құрама спортшылары он шақырымдық бәсекеге жарыс жолына шығады. Жерлестерімізге жеңіс тілейміз.


Арнұр ТОЛЫБАЙ

ПІКІРЛЕР2
Аноним 16.03.2026 | 18:28

Бәрібір нон фикшн әдеби жанрға жатпайды. Нон фикшн роман жаздым деген сауатсыз наданның шатпағы. әдебиетте ондай жанр болмайды журналисттік зерттеу деген болады. Одақтың барлық мүшелері басшылары әдеби термин және жанрлар жөнінде тест тапсыру керек сияқты

Аноним 17.03.2026 | 13:25

біреу повест жазды депті Повесттің неше бет, романның неше бет болатынын білмейтін сауатсыз әдеи қызметкер бар. Мысалы повест 120, кейде 130-140 бетке дейін жазылады Ал роман ең кемі 120 беттен басталып, созыла береді 120-140 беттік роман -шағын, 150-200 беттік роман орта көлемде деп бағаланады.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір