Көрнекті қырғыз ақынының 110 жылдығына арналды
07.10.2025
152
0

Алматы қаласында көрнекті қырғыз ақыны, драматург, аудармашы, небары 35 жасында дүниеден озған Алықұл Осмоновтың шығармашылығына арналған халықаралық жиын өтті.

Жиынға Қырғыз Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Жеңишбек Асанкулов, «Мұрас» қырғыз этно-мәдени орталығы төрағасының міндетін атқарушы Манас Ташыбеков, «Алықұл Осмонов атындағы халықаралық қоғамдық қордың» президенті Бек Осмонов, республикалық «Қырғыз тілі» қоғамының президенті, Қырғыз Республикасының мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер Райымжан Курбанов, Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының жетекшісі, аудармашы Айнагүл Садықова, педагогика ғылымдарының кандидаты, алықұлтанушы және манастанушы Низамидин Мурзаев, Қырғыз Республикасының мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, Әлемдік әдебиет институтының директоры Нұрлан Қалыбеков және қаламгерлер қауымы қатысты.
Әдеби басқосу барысында ғалымдар, әдебиеттанушылар мен сыншылар баяндама жасап, Алықұл Осмоновтың поэзиясына әр тараптан баға берді. Сонымен қатар жиында ақынның сөзіне жазылған әндер орындалып, ол туралы түсірілген Айдай Чотуеваның деректі фильмі көрсетіді, қазақ пен қырғыз әдебиетінің байланысын дамыту туралы тұшымды ойлар айтылды.
Жиын соңында қырғыз әдебиеті өкілдерінің шығармаларын тәржімалап, қазақ оқырмандарына таныстырғаны үшін Нұрлыбек Саматұлы, Кенжеғали Қошым-Ноғай, Дәулетбек Байтұрсынұлы, Гүлнұр Қыранбай, Саят Қамшыгер «Алықұл Осмонов» медалімен марапатталды.

Қазақстан Жазушылар одағының
баспасөз қызметі

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір