Қалқа өзені бойында
Месопотамия өңірінде кейінгі жылдарда орын алған құрғақшылық пен шаңды дауылдар мыңдаған жыл мекен еткен өңірде шумерліктердің дәстүрлі кәсібі – егіншілік пен мал шаруашылығы үшін аса қиын қолайсыздықтар әкелді. Сусыздықтан егіс өнім беруден қалды, жем-шөп қоры тапшылығынан мал тұяғын асырау да оңай емес-ті. Халыққа ашаршылық қатері төнді. Климатта орын алған бұл жағдай жергілікті шумерліктерді тұрмысқа қолайлы жаңа мекен іздеуге мәжбүр етті.

Жиырма төрт ру ақсақалдарының басы түгел қосылған мәжілісте ата-баба қонысында тақау қалған ашаршылықтан қырылып, тарих бетінен кету немесе мың жылдықтарды артта қалдырған байырғы тайпаның өмірін жалғастыру үшін жаңа қоныс іздеу мәселесі алға тартылды. Басқа лаж қалмаған еді. Арадан бір айдай уақыт өте теріскей тарапқа кеткен жаңа қоныс іздеушілер тобы Месопотамиядан үш мың шақырымдай жерде, өзендері суға толы, жерінде шалғынды оты мол, иесіз жатқан кең жайлаулы өңірді керіп келді. Орта Шығыста орын алған құрғақшылық пен дәл сол кезеңде Моңғолия жерінде су молшылығының сыры туралы тарихта мынадай мәлімет бар: «Нельзя также пройти мимо перемены климата на рубеже ІІ тысячелетия до н. э. и связанных с ним изменений в распределении ландшафтов. Возможно, что именно в это время засушливый ксеротермический период стал заменяться субатлантическим влажным и соответственно должны были сдвинуться границы пустыни Гоби. В тот период должно было увелиться число озер, тянущихся поясом от Нижнего Поволжья, через Казахстан и Монголию, до Хингана. Обстоятельства сложилис в пользу южных кочевников, которые сумели ими воспользоваться» («Хунну»,стр.36).
Орайы келген сәтінде айта кетейік, Олжас Сүлейменовтің «Шумарнамесінен» бастау алған зерттеуіміз барысында бұл халықтың қоныс аударуы туралы мағлұматтарды тек орыс тілді тарихи әдебиеттерден ғана ұшыратып, үзіксөздерді де сол тілде ұсынуға тура келуінде сөкеттік жоқ шығар. Сонымен қатар туған жерінен ауа көшкен «оңтүстік көшпелілері» түсінігінің ту сыртында қытайша нұсқаға сәйкес әдепкіде «ху», мемлекеттігі мойындалған тұста «Хунну» атын алған елдің болмыс-бітімі сол заманда «өркениет бесігін тербеткен» әйгілі «Шумер» атты халыққа сәйкес келетінін ешкім тап басып айта алған жоқ-ты. Олжас ағамыздың түркі әлемі тарихшыларын сілкіндірген «Аз и Я» еңбегі, ондағы «Шумернаме» тарауы өткен дәуір оқиғаларына соны көзқарас қалыптастырып еді. Бүгінгі Моңғолия жерінде тосыннан пайда болған халықты шумерлерге жатқызуымыздың сыры осында жатыр.
Иә, сонымен, қоныс іздеудің нәтижесіне сәйкес көшуге шешім қабылданып, рулардың әрқайсысы тиісті көліктерін қамдауға кірісті. Өгіз жегуге қолайлы, темір белдікті һәм дөңгелектері темірмен бекемделген, ұзақ жүрісте сыр бермейтін арбалар көптеп даярланды. Көштің көліктері мен көшудің себептері турасында мынандай тарихи дерекке назар аударып едік: «По-видимому, хуннское скотоводство развилось уже настолько, что хунны в поисках пастбищ двинулись на север, причем это же самое скотоводческое хозяйство обеспечило их достаточной тягловой силой. Наскальная писаница запечатлела тот «корабль», на котором предки хуннов (яғни шумерлер. Автор) перебрались через песчаное море. Это крытая кибитка на колесах, запряженная волами, ибо для лошадей она слишком тяжела и неуклюжа» (сонда, 36 бет). Арба үстіне орнатылған қолайлы киіз баспаналар жас балалы аналар мен қарт кісілерге арналды. Ұлы көш алдын ала белгіленген жолмен, жоспарға сәйкес жылжыды. Қой айдаған шопандар мен жылқышылар көш соңында келе жатты. Тарихта көрініс тапқан 24 рудың әрқайсысына тән екі мыңнан он мың аралығындағы әскери құрамалары жол бойындағы бөтен жұрттар тарапынан мүмкін болар шабуылдардан қорғауға тиіс еді. Осыншама мол мал-жанға ие рулар бірден көтеріле қоныс аударуы үшін алда тұрған жолдар мүмкіндік бере алмайтындықтан, көшті кезең-кезеңімен, бөлектеп жүргізу жүзеге асырылды.
Ұзақ жолдарды артта қалдырған ұлы көштің алғашқы керуені діттеген жеріне үстіміздегі екі мың жылдықтан 1764 ж. ілгеріректе келіп жеткенін қытай дереккөздерінен байқап едік. Тіршілік үшін қолайлы мекен іздеген шумерліктердің алғаш ту тігіп, тіршіліктің шырағын жаққан мекені туралы былай делінеді: «… когда прахунны пересекли песчаные пустыни, на равнинах Халхи возникли исторические хунны. Итак, хунны были первым народом, победившим пустыни. А для этого надо было обладать мужеством и упорством» (сонда, 21 бет). Орайлы сәтінде айта кетейік, Қалқа даласы кейінгі дәуір оқиғаларының да орталығы болғаны, Түрік және Көк түріктер қағанаттарының ордалары нақ осы жерде тігілгені тарихтан аян. Демек, оңтүстік көшпелілері «жаққан шырақ» ұзақ дәуірлер бойы сөнбепті.
Қытай патшалығы жаңа көршілерінің сыртқы бейнесі жергілікті аборигендерге қарағанда өзгешерек екенін де байқапты. «… китайцы внешним отличительным признаком хуннов считали высокие носы (сонда, 32 бет). Сол дәуірде жаңа көршілерінің сыртқы бейнесі ғана емес, болмысы да мүлде бөлек болуы себептерін айыруға қытайлықтардың шектеулі географиялық һәм тарихи түсініктері мүмкіндік берген жоқ. Олардың жаңа көршілеріне «ху», яғни жабайы деген атау беруінің сыры осында. Сол дәуірде еуропалық тарихшылар үшін де шумерліктердің бүгінгі Моңғолия жеріне келуі тылсым жұмбақ болатын. Сондықтан олар да қытайлық нұсқаны қабылдады. Қытайлық һәм еуропалық тарихшылардың сырттан келген елдің тұңғыш мемлекеттігі туралы пікірі де ортақ болатын: «Дегинь, опираясь на Сыма Цаня, считает, что «около 1200 г. до н. э. мы должны помещать создание хунского царства. Эту дату принимает и Кордье» (сонда,35 бет).
Шумер тайпасы салт-дәстүрі мен тілдік тұрғыда бүгінгі түркі-қазақ халқының ата-бабалары екенін жазған Олжас Сүлейменовтің алға тартқан дәлелдемелері ешқандай дау тудырмаса да, Қытай іргесінде «Хунну» атымен пайда болған халықтың дәстүр-салтын зерттеген танымал қытайтанушы Н.Я.Бичуриннің (Иакинф) пікіріне қосымша дәлел ретінде назар аудару артық болмас деп ойлаймыз: «Жен полагалось брать исключительно из чужого рода»; «Вдова старшего брата становилась женой младчего, который обязан был о ней заботиться, как о своей любимой жене» (сонда, 86 бет). Айтылмыш деректер қазақтың бүгінгі күнге дейін айнымай жеткен әдет-ғұрпына сәйкес келетініне күмән бар ма?!
Еуропалық тарихшылар шумерліктер мен олардың жаңа қоныста Хунну атымен белгілі болған жалғасын тілдік тұрғыдан да зерделеп, түркі тілдес екеніне күмән келтірмейді. Алайда олардың байырғы қазақ тілін білмеуі дұрыс қорытынды жасауға кей сәттерде бөгет жасайды екен. Көне дәуірден жеткен «сағдақ» сөзі кәдімгі садақты білдіретінін түсінбеген Лев Гумилев оны көне славян тіліндегі қайдағы бір «сагайдакпен» шатастырыпты…
Шумерлік ата-бабаларымыздың тәңіршілдік дәстүрі де жаңа мекенде бұлжымай сақталыпты. Өлген кісіге жоқтау айту мен оның аруағына атап құрбандықтар шалу және құрбандыққа шалынған малдардың бастарын бірін қалдырмай қадаларға іліп қоюы, өмірден қайтқан кісілердің мазары басына барып, зиярат жасауы айна-қатесіз ұқсап тұр. Көктемгі бір айда (сірә, Наурыз болса керек) өзен жағасында қызылды-жасылды киініп, мереке өткізу, сол кезде жігіттің көзіне түскен қызды айттыру салты да қызық. Әрине, қытайлықтар жаңа көршілерінің жазу-сызуға ие екенін де білген. Қымыз ішіп, бір-біріне қарап өлең айтатынын да аңғарыпты. Бұл дерек айтыс өнері сол дәуірден келе жатқанын білдіреді. Атпен шабады деп, бәйгені меңзепті.
Осы тұрғыда «Аз и Я» кітабы мен оның «Шумернаме» бөлімін жарыққа шығарған Олжас ағамыздың қазақ халқының өткенін тануға қосқан үлесі қаншалықты мол екенін жоғарыда келтірілген қосымша деректер негізінде де аңғарар едік.
Оңғар НАҚЫП