«Сахнагер – 2017»
30.03.2017
1055
0

Астанада Халықаралық театр күніне орай тұңғыш рет тағайындалған «Сахнагер – 2017»  атты  ұлттық театр сыйлығымен марапаттауға арналған салтанатты жиын өтті.

Іс-шараға ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова, Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы, сондай-ақ, елі­міз­­дің танымал мәдениет және өн­ер қайраткерлері қатысты.
Мемлекеттік хатшы құттықтау сөзінде мәдениет пен өнердің дамуына Қа­зақс­тан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың айрық­ша мән беретінін атап өтті.
Қазақстандық «Сахнагер – 2017» ұлттық театр сыйлығы «Са­мұ­рық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ қолдауымен 2017 жылы Қазақстан театрлары ассоциа­ция­сы­ның бастамасымен тағайын­да­лған. Аталмыш сыйлық театр өнері саласындағы шы­ғарма­шы­лық жетістіктері үшін Қазақ­станның халық әртісі А.Әшімовке және т.б. қазақ өнеріне үлес қосқан азаматтарға берілді. Ұлт­тық сыйлық театр дәстүрін сақтау мен нығайтуға бағыттал­ған.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір