ЖАМБЫЛДЫҢ ӘН-КҮЙЛЕРІ
10.03.2017
1697
0

Жақында  Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік  филармониясында «Жамбылдың  ән-күйлері» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Кешке М.Әуезов атындағы қазақ мемле­кет­тік академиялық драма театры­ның  әртіс­тері, Н.Тілендиев атын­дағы академия­лық  фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» ор­кестрі (дирижері, Қа­зақ­с­танның еңбек сіңірген артисі Жалғасбек Бегендіков), Б.Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласы, «Құлан­саз» ансамблі және Қазақстан­ның халық әртісі, Мемлекеттік сый­лық­тың лауреаты Нұрғали Нүсіпжанов, Халықаралық Жамбыл сыйлығының лауреаты Тейіп Бейсенбеков, Қазақ­станның еңбек сіңірген қайраткері Нұркен Әшіров, халықаралық, рес­пу­б­ликалық байқау­лардың лауреаты Шолпан Дәржанова,  Алма Аманжолова, Ермек Шаштаев, Мақпал Тоқта­ғанова, Данияр Рахымбай, Нәзира Асқар сияқты әнші-күй­ші­лер мен Жам­был атындағы мек­тептің оқушы­лары қатысты. «Ұлы Отанға», «Жанай құрбым», «Нәрік­бай­дың зары», «Жиыр­­ма бес», «Күләшқа», «Айрықша ту­ған азамат», «Алатау», «Балаларға», «Кәрілік туралы», «Угай-ай» шығар­ма­лары орындалып, М.Әуезов атын­да­ғы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының артис­тері На­ғашы­бек Қапалбек­ұлы­ның «Жамбыл ауылында» атты шағын қо­йы­лымы сахналанды. Кеш «Ақ Орда» респу­бли­калық қозға­лы­сының  Құр­метті төрағасы, көптеген  игі іс­тер­ді  бас­­тап  жүрген бел­­­гілі қайрат­кер Қай­рат Са­ты­­бал­дыұлының  тікелей қолдауымен  ұйымдастырылды.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір