Сөз зергерін ұлықтап…
03.03.2017
821
0

Қазақ мемлекеттік қыздар пе­дагогикалық универси­теті­нің Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультетінің де­каны, профессор А.­О.Тым­­бо­лова­ның ұйытқы болуымен про­фессор Ж­.­Н.­Сүлейменова бас­қарған Қазақ тіл білімінің теориясы мен әдістемесі ка­фед­расының ұжымы «Сөз зер­гері» зият­керлік-шығарма­шы­лық клубының аясында Мұ­­­­қағали Мақатаев шығарма­шы­­лығына арналған «Көр­кем­сөз оқу ше­берлері» байқауын өткізді.
Өнер бәйгесіне Алматы қа­ла­сындағы ақынның атымен ата­латын №140 Мұқағали Ма­қа­таев атындағы мектеп, №147 гим­назия, №26 жалпы білім бе­ретін мектеп, сондай-ақ, Ал­маты облысының Жамбыл, Іле, Еңбекшіқазақ, Кербұлақ ау­дандарынан сайыскерлер қа­тысты.
Байқауға ақын, жыршы, фо­льклортанушы-ғалым Берік Жү­сіп, «Серпер» сыйлығының ие­гері Саят Қамшыгер және про­фессорлар Сәуле Ержанова мен Жарқынбике Сүлейменова қа­зылық етті.
Сайыс екі бағытта жүргі­зі­ліп, соған лайықты жүлделер та­ғайындалды.

ПІКІР ҚОСУ