Жемісті 25 жыл
18.11.2016
957
0

Қазақстанның тәуелсіз, егемен мемлекет ретінде 25 жылдығы бұрын-соңды болмаған, тарихта ең биік көтерілген шыңы. Бұл – ең алғаш мемлекет ретінде отау тігіп, әлемге өзін паш еткен мереке, есеп жетпес қуаныш. Ойлап көрейікші. Бізді бүгін тәуелсіз мемлекет ретінде әлем таниды. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше, үлкен-кіші елдермен қатар халықаралық мәселелерді талқылап шешуге үлес қосуда.

Астана – әлемдік форумдар өткізетін орынға айналды. Саяси, мәдени, ғылыми, ді­ни мәселелерді қарастырып, оларды ше­шуде. Қазақстанның орны бөлек, алда тұрған ел. Оның нақты белгісі мыналардан да көрінуде. Мәселен, басқа елдерге бара бермейтін Рим Папасының, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысы, алып мем­лекет Қытай республикасы төра­ға­лары­ның, сол  сияқты  елдер басшылары­ның Қа­зақстанға келуі қазақ бұрын-соңды ой­ламаған, бірақ тарихымызға енген жаңа­лық, үлкен бетбұрыс деуге болады. Бұлар­ды өздігінен бола салған құбылыс деп ешкім айта алмайды. Күн-түнсіз ойлау, қажырлы еңбек нәтижесі. Әрине, Қа­зақстан өз алдына жер аумағы, үкіметі, мә­дени ошақтары, өндіріс шаруашылығы жол­ға қойылған сауатты халқы бар респуб­лика ретінде Кеңес жылдарында қалып­тасты. Бірақ ол өз алдына өз байлығын иге­ріп, өз тағдырын өзі шешетін, басқа шет елдерменен өздігінен қарым-қатынас жасай алатын ел бола алмады. Қа­зақ­стан­ның 15 облыстарының ірі өндірістері бар тең жартысы басшыларымен Қазақстан Рес­публикасы басшысын тағайындау Мәс­кеу қолында болды. Ол жылдары Кеңес республикалары ішінде Біріккен Ұлт­тар Ұйымына тек Ресей Федерациясы, Бе­лоруссия, Украина ғана мүше болатын. Қа­зақстанның қоғам қайраткерлері тек Кеңестік делегациясыменен шет елге шы­ға алатын. Мәселен, Кеңес Одағы Ком­му­нис­тік партиясы Орталық Комитеті Саяси Бюросының беделді мүшесі Д.А.Қонаев тек екі рет шет елге делегация басқарып барды. Оның  бірі – Иран елі. Қазақстанның жергілікті өндірісінен басқасын тек Бүкіл Одақтық үкімет басқарды. Кеңес жыл­да­рын­да қазақ халқы арасынан мемлекет қоғам ірі өндіріс басшылары, ғылым, мәдениет қайраткерлері шықты. Бірақ тұр­мыс ауыр болды. Нан, ет, май, басқа та­ғамдар, киім-кешек жетіспейтін. Сонда да болса патшалы Ресеймен салыс­тыр­ғанда, осының өзі жетістіктерге саналды. Өйткені, бұрын жағдай бұдан да төмен бо­латын. Патшалы Ресей кезінде Қазақ­стан оған отар саналды. Қазақстанның бар­лық жер аумағы Ресей империясы мен­шігі, қазақтарға тек пайдалануға берілген деп заңдастырылды. Ресей келімсектеріне қазақтың сулы, нұрлы жерлері кесіп бе­ріл­ді. Негізгі халық шөл далаға ығыс­ты­рыл­ды. Орыс мектептері ашылды, шір­кеу­лер салынды. Айыпталған қазақтар ха­лыққа түсініксіз Ресей заңдарымен сот­талды. Қазақ әдетінде ұрлыққа жатпайтын, «барымта» үшін айыпталғандар ит жеккенге айдалды. Шексіз қорлыққа шыдамай, ыза болған қазақ халқы 1916 жылғы Ұлт-азаттық қозғалысқа қамшы, сойыл, ши мылтықпен бас көтеріп, қозғалысқа шық­қанда, оларды күшпен басылып, жазаланды. Отаршылдыққа дейін қазақтар ру, жүзге бөлінген, мал бағып, көшпелі өмір сүрген ел еді.
Егемендік алғалы бері Қазақстан да­му­дың  даңғыл жолына түсті. Көп-вариант­ты саясат дамыған елдер өндірістері мә­дени өміріндегі табыстарын үйренуге мол мүмкіндік ашты. Алдымен, «Болашақ» бағ­дар­ламасымен жас талапкерлер Азия, Еуропа,  Америка елдеріндегі ірі оқу орын­да­рын өз еркімен таңдап, білім алуда. Әсі­ресе, мемлекеттік, жекеменшік басшылары шет елдің жетістіктерін меңгеріп, оны іске асыруда.
Кеңес жылдарында біз жабық ел болып, басқа елдермен араласа алмай дамуда қалып қойған едік. Біздегі жоғары оқу орын­дары шетел университеттерімен ке­лі­сім-шарт жасап, студент, магистранттарды шетел оқу орындарына жіберіп, олардан келген жастарды қабылдап, білім алу­дың түрлі жолын тапты. Егемендік ал­ға­лы ширек ғасырда Қазақстан қала­лары, ауылдары гүлденіп өзгеруде. Жаңа  орта­лық – Астананы айтпағанда. Автобан, темір жолдар салынуда.
Қазақтың ежелгі тарихын айтқанда, «Жі­бек жолын» мақтан етіп көрсетеміз. Өйт­кені, ол қазақ жерінің мәдени дамуына әсер еткен болатын. Қазір сол «Жібек жо­лы» қайта түрлеуде. Батыс Қытай – Батыс Еуропа автобаны халықаралық маңы­зы бар бүгінгі «Жібек жолын» қайталау деуге болады. Дарбазасы Қазақстанда. Ол Қытаймен шекаралас жердегі «Нұркент» қа­ла­сы болмақ. Бұл Шығыс елдермен Ба­тыс­ты қосатын жол есігінің кілті Қазақ­стан­да деген сөз. Әрине, үлкен істермен қа­тар проблемалар да жоқ емес, бар. Ол Да­ла елінің мүмкіндіктерін аша беру, бос ал­қаптарды ұқыпты игеру, астық, ет, май өнім­дерін арттыру, өндірісті дамыту, мә­дениетті көтеру, ғылымға сүйенумен қа­тар, адам тәрбиесін алға тарту. Батыс елдерде арнайы тәрбие мәселесі жоқ, ал бізде ол мәселе бар. Қазір ақшаң болса, бәрі ал­дыңда. Ол үшін еңбектену керек. Дефицит дегенді ұмыттық. Сонымен Жәнібек пен Ке­рей қазақ елін құрастырып, оның ұры­ғын сепкен болса, 450 жыл өткеннен соң, сол өнім Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көрегендік бас­шылығы мен орасан еңбегі арқылы өзінің мол жемісін беруде.

Д.Кішібеков,
ҚР ҰҒА академигі.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір