ГЕНДЕРЛІК САЯСАТТЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
11.11.2016
2164
0

f9hsemuf9nclviyxmdm63ixxxl4j3hpexhjnof_p3ymrypkwj94qgrtdb3sbc6kyЖұмыссыз тұрғындар арасындағы әйелдер салмағының басым болуы Қазақстандағы жұмыссыздықтың бір ерекшелігін көрсетеді.  Жұмыссыздықтың гендерлік ерекшеліктерін сипаттайтын көрсеткіш төмендегі суретте көрсетілген.

 

Сәуле ҚАЛИЕВА,
ҚР БЖҒМ-нің Ғылым комитетіне қарасты экономика институтының
Әлеуметтік саясат және адам капиталын дамыту бөлімінің меңгерушісі, экономика ғылымының докторы

1-keste

Бірінші суретке сәйкес жұ­мыс­сыздықтың жалпы деңгейін алып қарасақ, әйелдердің саны басым, олар 10-нан бастап 20 %-ға дейін жетіп, едәуір алшақ­тық ту­дырып отыр. Мұн­дай дәйек­тер әйел адамдарды жұ­мыс­пен қам­ту мәселесінде бір­шама проб­леманың бар екенін көр­се­теді.

Гендердік бөліністегі жас­тар­дың жұмыспен қамтылуы 2 -кестеде көрсетілген. Кестеде республика аймағындағы жұ­мыс­­пен қамтылған жастар ара­сын­да ер жігіттердің саны басым екені көрініп тұр. 2001 жы­лы әйел адамдардың жұмыс­пен қамтылуы ер жі­гіт­термен са­лыстырғанда 7,6%-ға төмен бол­са, 2014 жылы жағдай аса өз­гермей, әйел­дер мен жас жігіттердің жұмыспен қамтылу айыр­машылығы 7 %-ды құрапты. Алайда, ха­лықтың жалпы жұмыспен қам­тылуы аясын алып қарасақ, бұл көрсеткіш 10-нан бас­тап 20%-ға дейін ойқастап тұр.

2-keste

Аймақтық бөлініс көр­сетіп отырғандай 2001 жы­­лы Солтүстік Қазақ­стан об­лысы мен Ал­маты қа­ла­сында жұ­мыс­пен қам­тыл­ған әйел­дер саны  49%-ға жетсе,  Ас­тана қаласында– 48,8%,  Батыс Қазақстанда – 41,9%, Алматы облысын­да – 43,1% болып, ал 2014 ж. бұл сан едәуір өзгерген.  2014 жылы Алматы мен  Ас­тана қала­ла­рындағы жұ­мыспен қам­тылған әйел­дер саны  2,5 % бен 1,7%-ға кө­теріл­ген, сондай-ақ бұл қа­лаларды жұмыспен қам­тылған әйел­дер саны ер­­­лер­ге қарағанда көп бол­ғаны байқалады.  Сол­­­түстік Қазақстан аймағы (42%) әйелдерді жұмыспен қамту көрсет­кіші ең төмен ай­мақ­тың бірі Маңғыстау об­лысымен (41,8%) қатар тұр. 15-28 жас аралы­ғын­да­ғы әйел адамдардың жұ­мыспен қамтылу деңгейі  жалпы алғанда 9,7 В% (41,8-51,5%)-ды құрап отыр.

2001 жылы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі ер жігіттермен салыстырғанда әйелдер арасында төмен болған, алайда 2014 жы­лы ерлер мен әйелдер арасында жұмыссыздық деңгейі аса алшақ кеткен жоқ. Одан басқа жас категорияларында әйелдер ара­сындағы жұмыссыздық деңгейі ерлерден жоғары болған, солай қала берді.

Осылайша әйелдердің жұмыспен қамтылу деңгейінің салыстырмалы түрде төмендеуіне  ерлердің әйелдер жұмыс істейтін сала­лар мен экономикалық салаға көптеп келетіні себеп деп түсіндіруге болады. Шынымен де, кейінгі жылдары қаржы-кредиттік сала­да ерлер әйел азаматтарды ысырып шығарып жатқаны байқалады, ерлер атап айтқанда сауда, тағам саласында белсенділік танытып,   әсіресе  жеке меншіктегі жер үйлердегі қызмет көрсету салаларында жұмыс істеп жүр.

ПІКІР ҚОСУ