«БОЗҚАҚТАН БҰЛТТАР АУҒАНДА…»
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Баймаханбет Ахметтің жуырда «Сенім» баспасынан жарық көрген кезекті өлеңдер жинағы осылай аталады. Оған ақынның әр жылдарда түрлі басылымдарда жарияланған, сондай-ақ, жаңадан жазылған лирикалық өлеңдері, поэмалары мен балладалары енген. Әулиеаталық шайырдың Отанға, елге, жерге, тарихқа деген құрметі мен сүйіспеншілігінен туған жырлар жинақты салмақты етіп тұр. «Аққудың өті», «Тау көтерген Толағай», «Өрт ұясы», «Ең ауыр күн» поэмалары оқырмандарымен алғаш қауыштырылып отыр екен. Кітаптың алғысөзі орнына ақындар Р.Ниязбеков, Н.Қашағановтардың Баймаханбет ақынның шығармашылығы жөніндегі пікір-лебіздері берілген.