ӘН ҚАЛҚЫТЫП, ЖЫР ТӨККЕН
14.10.2016
1502
0

384197Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Алматы қаласының 1000 жылдығына орай 7 қазан күні Республика сарайында ақын Б.Әшірбаев пен әнші-композитор Т.Жақсыбаевтың ұйымдастыруымен «Жеті нота» ән-жыр кеші өтті. Аты айтып тұрғандай бұл кеште поэзия өкілдері өз өлеңдерін оқып, әншілер еліміздің танымал композиторларының әндерін шырқады. Ақын, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, «Заң» газетінің Бас редакторы Бекжан Әшірбаев жобаның мақсаты: «Жеті нота» ән-жыр кешінің ерекшелігі шығармашылықтың үштік одағын халыққа таныстыру әрі насихаттау, елге тек әншілерді ғана емес, композиторлар мен ақындарды да етене таныстыру», – деп атап өтті.

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреа­ты Ғ.Жайлыбай, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі З.Қоңырова, Қазақстан Жастар одағы «Серпер» сый­лы­ғының лауреаты Ә.Шегебай, «Дарын» мемлекеттік жас­тар сыйлығының лауреаты Б.Әшірбаев, Халық­ара­лық «Шабыт» фестивалінің лауреаты С.Қам­­шы­гер сынды ақындар өлеңдерін оқыды.

Айтулы мерекелік шараға орай Жазушылар ода­ғы­ның мүшесі, генерал-майор Ә.Нұрманов пен Марапат комитетінің төрайымы Г.Иманова Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ғ.Жайлыбай мырза мен ақын Ә.Шегебайға Халық­аралық «Ататүрік төс­белгісін», З.Қоңыроваға «Ұлт мақтанышы» төс­бел­гі­сін табыс етті.

Ұлттық ғылым академиясының құрметті мүшесі А.Тшанов Өнер жанашыр­лары-меценат С.Мол­да­жа­новқа «Алтын қыран» төсбелгісін, Д.Үсіп­баевқа «Ел ар­дақтысы» төсбелгісін табыстады. Ал сатирик, сазгер Ж.Дәулет әнші-композитор Ұ.Жолдасовқа «Өнер жұл­дызы» төсбелгісін, әнші-актриса Ж.Дүй­сенбиеваға «Ха­­лықаралық мәдениет майталманы» төсбелгісін тап­сырды.

Кеш барысында эстрада жұлдыздары Ұ.Жолдасов, Ө.Айниязов, Т.Асар, Р.Әл­қожа, Ж.Дүйсенбиева, Т.Сері­ков, Б.Сейдуәлиева, «Жігіттер» квартеті, т.б. өз өнер­ле­рін көрсетіп, көрермендер қошеметіне бөленді.

М.ШОЙБЕКОВА.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір