АСЫЛДЫҢ СЫНЫҒЫ
23.09.2016
1420
0

mereke-ziyatuly2016 жылдың 19 қыркүйек кү­ні қа­зақтың ұлы ақыны,  ойшылы  Шә­­кәрім  Құдай­берді­ұлы­ның   не­ме­ресі, Алматы облысы, Талғар ау­­­даны, Бесағаш  ауы­лы­ның  тұр­ғы­ны, асылдың сынығы Мереке Зия­т­­ұ­лы 78 жасында дүниеден өт­ті.

Мереке Зиятұлы – Шәкәрім­нің не­­мересі. Зият ел басына зо­­ба­лаң түс­кен, Шәкәрім ұрпақ­та­ры қу­ғынға ұшыраған кезде әкесінің ұй­ғаруымен Қытайға көшуіне тура ке­леді. 1937 жылы Шың­жаңдағы ха­лықтың бетке ұстар интеллигенциясын жаппай ұстап, қырғынға ұшы­рат­қан уақытта ел жақ­сы­лары­мен бірге тұтқындалады.

Мереке әкесі тұтқындалғанда іш­те қалған бала екен. Ол 1938 жы­лы 8 сәуірде Қытайда дүниеге кел­ген. Анасы Нұртаева Муни­ра Сейітқазықызы Үрімжіде орысша оқы­ған, қытай, ұйғыр тіл­дерін де жетік меңгерген, Алтайдағы Са­рысүм­бе қаласында мұғалім болып қызмет атқарған көзі ашық, бі­лімдар болған. Ме­реке анасының көмегімен алғаш хат танып, сауа­тын ашады. Му­нира Сейітқазықызы 1946 жылы сүзек ауруынан қай­тыс бол­ғаннан кейін Мереке әкесімен бірге Қытайға келген туы­сы Тә­кежанның Әзімбайының баласы Бердештің қолында бола­ды.

Ол 1955 жылы 10 мамырда Зайсанға қоныс аударады. 1956 жы­лы та­мыз айында жан-жақтағы туыстарын іздеп жүрген ағасы Ахат Шә­кәрімұлы Мерекені Талғарға әкеледі.

Мереке Зиятұлы Красноярск өлкесінде үш жыл әскери боры­шын өтей­ді. Алматы облысында зейнеткерлікке дейін ауыл шаруа­­шы­лығында жұмыс атқарады. Кейінірек туған жері Шың­ғыстауға жиі келіп тұрған. Жұбайы – Клара Мұқанқызы. Нұрлан, Гаухар, Меруерт, Сәуле атты балалары бар.

Мереке Зиятұлының кеңпейілдігі, парасаттылығы және зия­лы­лығымен ерекшеленген жарқын бейнесі ел жадында мәңгі сақ­­талады.


Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени жә­не әде­би-мемориалдық қорық-мұражайының ұжымы Мереке  Зиятұлының қайтыс болуына байланысты марқұмның ту­ған-туыстарына қайғырып, көңіл айтады.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір