«БОЗТОРҒАЙ ЖЫРМЕН ОЯНҒАН ӨЛКЕ»
23.09.2016
1700
0

img_0038Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай республиканың әр аймағында түрлі шаралар өтуде. Соның бірі Ақтөбе облысында болды. «Оқитын өлке» акциясы бойынша қазақ  әдебие­тіндегі танымал тұлға, көрнекті  ақын Есенбай Дүйсенбай­ұлының «Ұлан­ғайыр» жыр жинағы  облыс жұртшылығына оқуға ұсынылды. Жергілікті ақын-жазушы, қоғам қайраткер­лерінің бір шығармасын насихаттап, жастардың отандық әдебиетке, классикаға, қазіргі әдебиетке деген сүйіспеншілігін оятып, олар­­дың оқу мәдениетін қалыптастыруды мақсат  еткен шара аясында С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кі­тапхана мен Байғанин аудандық орталық кітапхана «Боз­торғай жырмен оянған өлке» атты  онлайн-әдеби кеш ұйым­дастырды. Кеш барысында «Бозжусанды боздаланың боз­жор­ғасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оған өлкетану бө­лі­мінің кітапханашысы С.Сұлтанаева библио­графиялық шолу жүргізді. Көрмеге Е.Дүйсенбайұлының әр жылдары жа­рық көрген кітаптары қойылды.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір