ҮЗДІК ҒЫЛЫМ ОРДАСЫ
09.09.2016
1203
0

12Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті халықаралық рейтингте тағы бір саты жоғары көтеріліп, Орталық Азия аймағы мен Қазақстан жоғары оқу орындары арасында  алғашқы болып әлемнің 250 үздік университеті қатарына енді.

Айта кетерлігі, бұл топқа ТМД ел­дері­нен екі ЖОО – Ломоносов атындағы ММУ мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғана кірді.

Халықаралық  рейтингте университеттің табысты алға жылжуына заманауи талаптарға сай жүргізілген кешенді құрылымдық жаңарту ықпал етті. Нәтижеге бағытталған процестік менеджмент, басқару жүйесі және еңбекті рейтингтік бағалау енгізілді. Сондай-ақ, жоғары әлемдік талаптарға сай әрі халықаралық аккредитациядан өткен эксперименттік білім беру бағдарламалары дайындалды және енгізілді, ғылыми-зерттеу жұмыстары  белсенді жүргізілуде.

QS сарапшыларының ұсыныстары бойынша ҚазҰУ тәжірибесі әлемдегі үздік университеттерде зерттелуде. Бұл көрсеткіш әлемдік білім мен ғылым нарығында бәсекелестікке қабілеттіліктің айқын дәлелі болып табылады.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір