ИНТЕРНЕТТІ КЕРІ ИТЕРМЕЙІК
26.08.2016
1512
0

Жаңабек-ШағатайИнтернеттің пайдасын адамның бәрі көріп жүр. Бірі – аз, бірі – көбірек дегендей. Сөйте тұра, интернетті жоққа шығарғысы келетіндер, пайдасынан зияны басым дейтіндер де қарақұрым. Осындайда ең алғаш рет пулемет жасалып, өзіне таныстырылғанда: «Құдайым-ау, мынау осылай тоқтамай ата берсе, жер бетінде тірі адам қалмайды ғой», – деп, оған тыйым салған әйгілі корольдің әрекеті ойыма оралады. Король тыйым салды деп, пулемет қолданылмай қалған жоқ.


Жаңабек ШАҒАТАЙ,
М.Мақатаев атындағы сыйлықтың лауреаты

Қалай десек те, интернеттің жал­пы адамзат баласы үшін пайдасы аз емес. Қазір қолында смартфоны бар кез келген адам жаңа­лық­­ты да, кітапты да оқи береді. Қоғамдық көлікте де интернеттен кітап оқып отыратын жастарды көп көремін. Неге біз білімді тек кітап­тан алу керек дегенге құмар­мыз. Сонда интернеттен оқыған білім – білім емес пе?! Былай қарағанда, пәлендей айырма­шы­лық  жоқ. Сол автор, сол роман, сол мазмұн. Бұл жерде бастысы, оқы­ғаныңды санада түю ғана. Әлбетте, білім мен ғылым – кі­тап­та. Кезінде ұлы Абай да: «Ар­тық білім кітапта» деп бекер айт­паған. Расында, әліппе болмаса бірде-бір бала жазу танымас еді ғой. Десек те, бүгін заман талабы басқаша. Интернет – өмір сүрудің тетігін де жеңіл­детті. Ақпарат алу, тарату жылдамдады.

«Таяқтың екі ұшы бар» деген де рас. Кез келген дүниенің жақсы, жаман жағы бар. Бір қарағанда, интернетке сеніп алған жастардың бұрынғыдай кітапхана аралап, конспект жазып, білімін жетілдіруі сиреді. Себебі, интернеті бар смартфонға сеніп алды. Ал бұл адам­ның есте сақтау қабілетін де төмендетеді дейді мамандар. Шынында да, қазір жастардың ерте ұмытшақтық дертіне шалдығуы содан да шығар, кім білсін?!

Ал әдебиет мәселесіне келсек, стильдік норма бұзылып, қасаң­данып барады. Сол интернеттегі сайттар мен әлеуметтік желідегі әңгімелердің ауылынан алыс емес. Тіл шұ­рай­лылығы жоғалып тынған. Бұл енді көркемдік эстетика жағынан ақсап жатқаны­мыз­ды байқатса керек. Қазіргі кезде қолына қалам ұстаған жастар арасында М.Әуезов айтқандай, «шала Шекспирлер мен толыспаған Толс­­тойлардың» көбейіп тұрғаны сондықтан.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір