АМАНТАЙ ШӘРІП – БАС РЕДАКТОР
19.08.2016
1961
0

6fR1BzkJ«Дарын» мемлекеттік  жастар сыйлығының лауреаты, филология ғылымының докторы, профессор, Халықаралық Шыңғыс Айтматов академиясының академигі Амантай Шәріп «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің отырысында қабылданған шешім негізінде аталмыш басылымға Бас редактор болып тағайындалды.

Бұрын бас редакторлықты қоса атқарып келген басқарма төрағасының орынбасары Еркін Қыдыр енді газеттің жалпы шығармашылық жұмыстарына басшылық жасайтын болды.

Бұған дейін белгілі басылымдарда жауапты қызметтер атқарған, жоғары оқу орындарында проректор, ұлттық телеарнада басқарма төрағасының орынбасары болған Амантай Жарылқасынұлы көпшілікке өз ісіне жауапты кәсібилігімен қатар, үлкен-кішіге сыйлы кісілігі, жүзі жылы қарапайым­дылығымен танылған ардақты азамат. Еліміздегі еңселі басылым басшылығына осындай білікті мамандардың келгеніне біз де қуанып, әріптестері­міз­дің қызметіне табыс тілейміз.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір