«АСЫЛДЫҢ ТҰЯҒЫ»
Жақында Астана қаласындағы «Шаңырақ Медиа» ЖШС баспасынан белгілі журналист Сәдуақас Жұбатовтың «Асылдың тұяғы» атты кітабы жарық көрді.
Кітап бес бөлімнен тұрады. «Ер топырағына тартады» аталатын бірінші бөлімінде кейіпкердің туған жері туралы сөз болса, «Мақұлдың Ишаны» аталатын екінші бөлімінде Батыс өңіріндегі Нарын құмында осы атпен өмір сүрген Қайырғалидың әкесі Ишанғали жайлы, оның артында қалдырған тапқыр әңгімелері, әділдік үшін, шындық үшін қара қылды қақ жаратын азаматтығы туралы айтылады. «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған», «Біз білетін Қайрекең», «Әулетің өссе ел болар» деп аталатын бөлімдерде кейіпкерді көзі көргендердің, әулет ұрпақтарының естелік әңгімелері арқау болған.
Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.