«Жас ұстаз – табысқа апарар жол»

Алматы облысы Қаскелең қаласында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының Алматы қаласындағы филиалы мен Қарасай аудандық білім бөлімі бірлескен дәстүрлі «Жас ұстаз – табысқа апарар жол»: «STEAM.AI.INNOVATION» аймақтық форумы өтті.
Форум аясында Алматы-Наурызбай NIS мұғалімдері Шақан Ясынжан, Мақпал Мұқанова, Гаухар Рамазанова, Жеңісбай Қабаржан және Эльзира Торғаева TED Talk алаңында спикер ретінде сөз сөйлеп, жасанды интеллект (AI) пен STEM бағытындағы заманауи білім беру технологияларын оқу үдерісінде тиімді қолдану тәжірибелерімен бөлісті.
Сонымен қатар «Innovation STEAM ARENA & AI TEACHER LAB» тақырыбында практикалық шеберлік сабақтарын өткізіп, қатысушыларға инновациялық құралдарын сабақта қолданудың ұтымды жолдарын көрсетті.
Форум жұмысына Зияткерлік мектептің жас педагогтері де қатысып, кәсіби тәжірибе алмасуға, жаңа идеялармен танысуға және педагогикалық әлеуеттерін дамытуға мүмкіндік алды.

