ҚАЗАҚСТАН ӘЛЕМДІК БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕ: ЖЕТІСУ УНИВЕРСИТЕТІ QS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЫЙЛЫҒЫНА ИЕ БОЛДЫ
04.11.2026
31
0

Индонезияның Денпасар қаласында өтіп жатқан «QS Summit — 2026» халықаралық саммиті аясында Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті QS халықаралық сыйлығының «Learning Experience – Performance Improvement» («Оқыту сапасын арттыру және білім беру ортасын дамытудағы жоғары жетістіктері үшін») номинациясымен марапатталды. Аталған номинация Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында берілген алғашқы марапат. Салтанатты рәсімде халықаралық сыйлықты университеттің Басқарма төрағасы – ректоры, профессор Ермек Бөрібаев қабылдады.
«Learning Experience – Performance Improvement» номинациясы білім беру сапасын жетілдіру, академиялық ортаны дамыту және студенттерге қолайлы білім беруді қалыптастырған жоғары оқу орындарына беріледі. Бағалау барысында оқыту үдерісінің тиімділігі, профессор-оқытушылар құрамының академиялық қызметке қатысу деңгейі, студенттерді қолдау жүйесі, олардың жеке және кәсіби әлеуетін дамытуға жасалған жағдайлар ескеріледі.
Жетісу университетінің QS халықаралық сыйлығының номинациясына ие болуы отандық жоғары білім беру жүйесінің халықаралық академиялық кеңістіктегі танымалдығын арттыра түседі.
Халықаралық марапат жоғары оқу орнының білім беру сапасын арттыру, оқыту әдістемелерін жетілдіру, академиялық ортаны жаңғырту және студентке бағдарланған білім беру моделін дамыту бағытында атқарылған жүйелі жұмыстардың нәтижесін көрсетеді.
Бұл жетістік университет ұжымының білім беру сапасын халықаралық талаптарға сәйкестендіру, академиялық мәдениетті нығайту және білім алушылар үшін қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру бағытындағы бірлескен жұмысының нәтижесі.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір