«АЙҚОЖА ИШАН» 
05.08.2016
1982
0

IMG_1621Ел тарихындағы айтулы оқиғалар мен ірі тұлғалардың өмірі туралы көп­те­ген де­ректі фильм түсіріп, қазақ кино өне­­рі­нің деректі фильм саласына көп үлес қосқан режиссер, кинодраматург, ҚР еңбек сіңірген қайраткері  Қалила Омар­­дың «Айқожа Ишан» атты пьесасы сахна­ланды. Бұл Димаш Әбжаппаровтың же­тек­­шілігімен ашылған «Мирас» теат­­­рының ең алғашқы қойылымы.Режис­сері – Қы­зы­лорда облыстық Н.Бекежанов атын­дағы қазақ музыкалық-драма театрының актері Бақытбек Темірбеков. Тың тақы­рып­ты арқау еткен қойылым ту­ралы Қа­ли­ла Омар «Айқожа Ишан туралы кино тү­сіруді көптен бері жоспар­лап жүр едім. ХVІІІ-ХІХ ғасырлар бе­дерін­де қазақ даласында өмір сүрген ис­лам дінінің ірі өкіл­дері туралы көп зерт­телмеді. Сол се­бепті де, кейінгі ұрпақ­қа өз дәуірінің ірі тұл­ғасы болған Ай­қожа Ишанның өмірі ту­ралы мағлұ­мат беруді мақсат еттім. Ма­териал жинау барысында деректі фильм­нен гөрі драма қойылғаны жөн болар деген тоқ­тамға келдім. Драма арқылы Ай­қожа Ишан­ға, ол өмір сүрген кезең мен он­да­ғы проблемаларға назар аудартқым кел­ді. Қазақ театрының тарихында дінді бе­­рік ұстанған ірі тұлғаларды бас кейіп­кер ре­тінде көрсеткен қойылым жоқтың қа­сы екен. Сол себепті, «Айқожа Ишан» ірі дін өкі­лі туралы  алғашқы қойылым де­сем, ар­тық айтпағаным», – дейді.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір