ЖАЗУШЫНЫҢ ТАҢДАМАЛЫСЫ
08.07.2016
876
0

Жазушының таңдамалысыҚазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша «Раритет» баспа-корпорациясынан көрнекті жазушы Әлібек Асқаровтың алты томдық «Таңдамалы шығармалар» жинағы жарық көрді.

Жинаққа бұрыннан оқырман қауымға жақсы таныс «Өр Алтай, мен қайтейін биігіңді» романы, «Социализм әңгімесі», «Әйел парасаты», «Аңшы хикаялары» топтамалары, әр жылдары жазған өзге де әңгіме-повестері, сафари жанрындағы «Көккөл», «Мұзтау», «Шындығатай», «Хан-Тәңірі», «Марқакөл», «Қайырымды Үміт мүйісі» сияқты жолжазба хикаялары, сондай-ақ «Боямасыз баяндар» тақырыбымен біршама деректі дүниелері енген.

 

ПІКІР ҚОСУ