Жетісу университетінде жасанды интеллект платформаларын қолдану бойынша семинар өтті
11.02.2026
135
0

2026 жылғы 6 ақпанда І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде түлектерді кәсіби қолдау мақсатында «Цифрлық білім беру аясында жасанды интеллект платформаларын қолдану» тақырыбында семинар өтті. Іс-шараны Мансап және жұмысқа орналастыру орталығы мен Физика-математика факультеті ұйымдастырды.

Семинарға Жетісу облысындағы техникалық, кәсіптік және жалпы білім беру ұйымдарынан 200-ге жуық түлек қатысты.

Іс-шара барысында қатысушылар жасанды интеллект технологияларын білім беру үдерісінде қолдану жолдарын, цифрлық платформалармен жұмыс істеу әдістерін және білім беру саласындағы заманауи инновациялық тәсілдерді меңгерді.

Физика-математика факультетінің «Информатика және білімді цифрландыру» кафедрасының оқытушы-дәріскерлері Гульмира Кастеева мен Айжан Адамбекова, сондай-ақ «Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект» кафедрасының PhD дәрежелі оқытушысы Рима Абдуалиева семинар спикерлері болды.

Іс-шара соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды. Университет түлектерін қолдауға бағытталған мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір