Студенттерге арналған әкімшілік сот тәжірибесі: Заң мен тәртіп
05.02.2026
152
0

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенттері «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Талдықорған қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өткен әкімшілік сот процесіне онлайн қатысты.
Ашық сот отырысының негізгі мақсаты – студенттер арасында құқықтық тәртіп пен заңның үстемдігін насихаттау, құқықтық мәдениетті қалыптастыру сондай-ақ Құқық және экономика факультеті студенттерінің теориялық білімін тәжірибемен ұштастыру.
Сот барысында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігі, яғни мас күйінде автокөлік басқару дерегі бойынша іс қаралды.


Отырыс барысында істің мән-жайы жан-жақты қаралып, қолданыстағы заң нормалары түсіндірілді.
Сот отырысына университеттің барлық факультеттерінен 5 мыңға жуық студент пен оқытушылар онлайн режимде қатысты.
Аталған сот процесі студенттерге әкімшілік істерді қарау тәртібімен танысуға, сондай-ақ мас күйде көлік басқару әрекетінің қауіптілігін және құқықтық жауапкершілікті түсінуге мүмкіндік берді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір