Тартымды кеш
21.10.2025
85
0

Қостанай қаласында қазақтың көрнекті ақыны, ыбырайтанушы әрі ахметанушы ғалым, танымал әнші-сазгер Серікбай Оспановтың 80 жылдық мерейтойына орай «Тобыл ағады» атты шығармашылық кеш өтті. Қазақстан Жазушылар одағы мен Қостанай облыстық мәдениет басқармасымен бірлесе ұйымдастырған кешке өңірдегі зиялы қауым, ақынның көзкөрген замандастары, жергілікті ақын-жазушылар, өнерсүйер жұртшылық жиналды.

Облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов сөз сөйлеп, танымал ақынның төл поэзиямыз бен ғылымға қосқан өзіндік үлесін атап өтті. Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма төрағасы Мереке Құлкеновтің құттықтау хатын Алматыдан арнайы келген белгілі жазушы, филология ғылымдарының докторы Нұрдәулет Ақыш оқып берді.
Жергілікті өнер ұжымдары ақынның сөзіне жазылған әндерді орындады. Әсіресе қалың қазаққа белгілі әйгілі «Сағындым Алматымды» нәшіне келтіріп орындаған «Жігер» жастар квартетіне көрермен үлкен қошамет көрсетті. Белгілі сазгер Алтынбек Қоразбаевтан бастап, еліміздің түкпір-түкпіріндегі Серікбай атамыздың замандастарының бейне құттықтаулары, ақын туындыларынан ұйымдастырылған материалға бай көрме, жастардың поэтикалық қойылымдары кештің мән-маңызын аша түсті.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір