2027 жылы үстел теннисінен әлем чемпионаты Астанада өтеді
30.05.2025
58
0

Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) бас ассамблеясында еліміз үшін тарихи шешім қабылданды. Әлем чемпионатын өткізу құқығына ие болу үшін Қазақстан, АҚШ және Франция сайысқа түсті.

Алғашқы дауыс беру кезеңінде АҚШ ең аз дауыс жинап, келесі кезеңге Қазақстан мен Франция өтті. Финалдық дауыс беру нәтижесінде Қазақстан 54,68 пайыз, ал Франция 45,32 пайыз дауыс жинады. Әлем чемпионаты 2028 жылы Жапонияның Фукуока қаласында өткізілсе, 2029 жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтеді.
Бұл ел тарихындағы үстел теннисінен ең ірі және тарихи шара болады.
Айта кетейік, бұған дейін елімізде үстел теннисінен Азия чемпионаты жоғары деңгейде өткізілген еді. Оны мамандар оң бағалаған болатын. 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір