«БІРЛІГІМІЗ ЖАРАСҚАН»
13.05.2016
1618
0

1

Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Бірлігіміз жарасқан» этнофестивалі Қарағанды қаласында өтті.

Этнофестивальдің басты мақсаты – қо­ғамдық келісімді нығайту және эт-но­с­аралық қарым-қатынастың тұ­рақ­ты­лы­ғын сақтап қалу, сонымен бірге, елі­мізде тұрақтап қалған ұлттардың салт-дәс­түрлері мен әдет-ғұрыптарын, ырым-жо­рал­ғыларын дамытып, ұрпақ­тан-ұрпаққа жал­ғасуын қамтамасыз ету.

Фестивальге Қарағанды қаласында­ғы этномәдени бірлестіктер өкілдері, оқы­тушылар мен студенттер қатысып, мек­теп және колледж оқушылары да ат­­са­лысты. Фестиваль қонақтары этно­мә­де­ни бірлестіктердің көмегімен облы­сымызда тұрып жатқан этностардың шы­­ғарма­шылығы, әдет-ғұрпы мен салт-дәс­­түрі, ұлттық тағамдарымен таныс­ты.

Этнофестиваль аясында сәндік-қол­данбалы өнер бұйымдарының жәрмеңке-көр­месі ұйымдастырылды. Қарағанды қа­ласының белгілі шеберлері – Н.Романенко, О.Дычко, А.Руденко, А.Ли, Н.Яку­баева, З.Маньковская, А.Папаян, Н.Мо­шонкина, А.Жукова, Д.Шожен, С.Ми­зернюк табиғи тастан, киізден, жүн­нен және теріден дайындаған бұйым­дарды көпшілік назарына ұсын­ды. Арнайы қонақтарға және фестиваль көрермендеріне арнап армян, шешен-ингуш, татар, өзбек халықтарының ұлт­­тық киімдерінің көрсетілімі ұйым­дас­тырылды.

Студенттер шараға тыңғылықты даяр­ланып, әрбір этностың мәдениеті мен тарихын мұқият зерттеген екен. «Идел» татар және татар-башқұрт қоғам­дық және мәдени орталықтарының Ас­социациясы» Қарағанды филиалымен бірге келін түсіру рәсімін көрсетті. «Штру­дель» неміс ұлттық тағамы – ау­дар­масында «қақпақты ашпау» мағына­сын білдіреді. Тағамның барлық ерек­ше­­лігі мен құпиясы осы атауында жа­­тыр. Германия шұжықтардың көп­те­ген сұрыптарымен әйгілі. Бұдан бөлек, кар­топтан жасалған салат және сүзбеден дайындалған бәліш халық арасында өте танымал, себебі неміс халқы тәттіні жақ­сы көретін ұлттардың бірі», – дейді көп­шілікке неміс асханасының мә­де­ние­тімен таныстырған студенттер. Биз­нес және құқық факультетінің деканы Ф.Момышева: «Университетімізде ал­ғаш рет «Бірлігіміз жарасқан» атты этно­фестиваль өтуде. Аталмыш іс-шараны ұйым­дастыра отырып, этносаралық то­ле­ранттылықты тәрбиелеу, ұлтаралық ке­лісім мен достықты нығайту сияқты ор­тақ міндетімізге өз үлесімізді қосу­да­мыз деп есептеймін», – деп айрықша атап өтті.

«Бірлігіміз жарасқан» этнофестивалі мерекелік концертке ұласты. Концерттік бағдарламада «Идел» татар және татар-баш­құрт қоғамдық және мәдени ор­та­лықтарының Ассоциациясы» Қарағанды филиалы, «Видергебурт» неміс орта­лы­ғы», «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бір­лестігі», «Полония» облыстық поляк қо­­ғамының шығармашылық  ұжымдары, «Трик­си» хореографиялық ансамблі ха­лық әндері мен билерін орындады.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір