«Ұлт мүддесі – ұраны»
13.02.2025
122
1

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Анамның тілі», «Фариза», «Толғанай», «Желтоқсан желі», «Әттең-ай», «Қариялар азайып бара жатыр» сияқты әндердің авторы, әнші-сазгер Әбиірбек Тінәлінің өмірі мен шығармашылығына арналған «Ұлт мүддесі – ұраны» атты жаңа өмірбаяндық кітап «Тоғанай Т» баспасынан жарық көрді.  

Кітапты құрастырған – Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Майра Аманжолқызы. Жаңа кітапта сыршыл сұхбат, мәйекті де дәйекті ойларға құрылған материалдармен қатар, Әбиірбектің ақын жүрегінен туған шынайы да шырайлы жырларын оқи аласыздар. Кітап көпшілік оқырманға арналған.

 

ПІКІРЛЕР1
Аноним 18.02.2025 | 22:44

Кайдан алуға болады

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір