Нұрболат Нышанбай: «Бақылау қырандары» референдумда бақылаушылық жасайды
6 қазан елімізде АЭС құрылысы жөніндегі жалпыхалықтық референдум өтеді. Президент Тоқаев пәрмен беріп, Қазақстан қоғамы үшін аса маңызға ие осы электоралды процесс өтетін болып бекітілді.
АЭС құрылысына қатысты қоғам пікірі әртүрлі. Оны жақтаушылар да, оған қарсылар да бар және тараптар өз пікірлерін қоғам талқысына ашық салуда. Десе де, «АЭС құрылысы туралы шешімді референдум арқылы, халық пікірімен санаса отырып қабылдаймыз», — деген саяси билік маңызды саяси науқанды бастап кетті.
Кез келген саяси науқанның тағы бір ажырамас бөлігі – тәуелсіз бақылаушылар екені анық. Тәуелсіз бақылаушысыз өткен сайлауды заңды, әділетті әрі шынайы деп айтуға болмайды.
Референдумға байланысты ел бойынша бақылаушылық жасайтын ұйымдар мен бастамашыл топтардың саны артуда. Бақылаушылық жасаймыз деп бастама көтергендердің бірі саясаттанушы Нұрболат Нышанбай болды.