ҮШ ЖҮЗГЕ АТЫ МӘЛІМ БАЛУАН ШОЛАҚ
15.04.2016
1256
0

20 сәуір күні сағат 19.00-де «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі» қоғамдық қоры Алматыдағы Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық Балалар және жасөспірімдер театрында Балуан Шолақ Баймырзаұлының жеке шығармашылығынан «Үш жүзге атым мәлім Балуан Шолақ» атты дәстүрлі ән кешін өткізеді.

Концертте Балуан Шолақ өмірінен қысқаша қойылым көрсетіліп,   белгілі режиссер Есмұхан Обаевтың «Жаужүрек» спектаклінен үзінді берілмек.  Сондай-ақ,  Балуан Шолақ бабамыздың мүлде беймәлім әндері тұңғыш рет үлкен сахнада орындалатын болады. Ән кешіне елімізге танымал өнер саңлақтары қатысады.

Келем деушілерге есік ашық.
Билеттер театр кассасында сатылады: 271-42-37
Байланыс:  8 700 777 90 86, adyrna@bk.ru.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір