АЗАТТЫҚ АЛАУЫ
18.03.2016
1095
0

1Ықылас атындағы Халық музыкалық аспаптар музейінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына  арналған Қазақстан Жазушылар одағы, С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешені мен Ықылас атындағы Халық музыкалық аспаптар музейінің бірлескен жобасы аясында Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ақын Әділғазы  Қайырбековтің  «Азаттық алауы»  атты әдеби-сазды жыр кеші өтті.

Кешті  көрнекті ақын  Бауыржан Жақып жүргізді. Әділғазы өзінің  өлең, толғау,  балладаларын оқыды. Кеш барысында сөз алған Қазақстан Президенті Мұрағатының директоры Борис Жапаров, Қазақстанның Еңбек Ері, ұлағатты ұстаз Аягүл Миразова, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары, ақын Маралтай Райымбекұлы, әдебиет, мәдениет қайраткерлері  Темірхан Тебеген,  Кенжехан Матыжан, Нұрдәулет Ақыш, Досан Баймолда, суретші Еркін Нұразхан Әділғазы Қайырбековтің шығармашылығы  туралы ойларын ортаға салды. Сыбызғышы Ақжол Жүсіпұлы,   Халықаралық, республикалық байқаулардың жүлдегері Талғат Әбуғазы, Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының докторанты, музей қызметкері Ардаби Мәулет, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Еркін Шүкіман сынды өнерпаздар ән-жырдан шашу шашты.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір