ҰСТАЗДЫҢ ОРАЛУЫ
04.03.2016
4686
0

54120Тәуелсіздікке жетудің жолы бұралаң да шырғалаң. Сапта тұрған тап қазіргі қазақ қатарын ақыл сарабына салып, Абайша «ішін жарып көрсе», кім-кімдігін жіктеп, жүрегінде не жатқанын білуге болатын-ақ шығар. Қазаққа тура осы тұрғыдан келген «Төре» тұқымы Әлихан Бөкейханның «Қыр баласы» деген жанама атты таңдауының гәбі де мың-сан. «Азаулының Стамболдан несі кемді» асқақтап айта қалған оғланынан қазақ кейінгіге бұйырмағандай көрінетіні өз тұлғаларымызды зерттеп, өнегесін зерделеп, бейнесіне үңілгендегі тапқанымызды жұртқа жария қылу – парызымыз. Дүниедегі атышулы ұлт қайраткерлерінің кез келгенімен Әлиханды салыстырып қарағанда ойы, танымы, кісілігі, керек десеңіз, батырлығы осал түсіп жатқан жері жоқ. Біз бірақ ендігінің тілімен айтқанда, мәселені осылай қойғанда ғана оның болмысын ашудың кілтін табатын сияқтымыз.


 

  • ЖАҚСЫНЫҢ СӨЗІ

Дулатов, Байтұрсынов, Бөкейханов,

Білемін бұл үш ердің айтпай жайын.

Кешегі қара күнде болмап па еді,

Бірі – Күн, Бірі – Шолпан, Бірі – Айым.

Солардан басқа кеше кім бар еді,

Қазақ үшін шам қылған жүрек майын?

С.ТОРАЙҒЫРОВ.


 

Мені қазақтың буржуазиялық интеллигенциясы ұлт көсемі  деп таныды… Мен қазақ халқын Совет билігіне қарсы күреске көтердім…

Ә.Бөкейханның ІІХК тергеушілеріне 1937 жылғы
6 тамызда берген жауабынан.

 СОВЕТ ҮКІМЕТІНІҢ ЗАҢДАРЫ ТУРАЛЫ

Совет билігі шығарған барлық декреттер Алаш автономиясы территориясында заңсыз деп саналсын.

Төраға: Ә.Бөкейханов.
Мүшелері: М.Тынышбаев, Х.Ғаббасов.

ӘСКЕР КЕҢЕСІ ТУРАЛЫ

11 (24) июнь, 1918 ж.

Алашорданың жанынан Соғыс министрлігінің міндетін атқаратын үш кісіден Әскер Кеңесі құрылуы қажет. Кеңеске Алашорданың облыстық және уездік бөлімдері жанынан облыстық және уездік әскери кеңес ашу құқығы берілуі керек. Әскери Кеңеске большевиктермен күресу үшін жігіт жинау міндеті жүктелді.

Төраға: Ә.Бөкейханов.
Мүшелері: М.Тынышбаев, Х.Ғаббасов.

АЛАШОРДА КЕҢЕСТЕРІН ҚҰРУ ТУРАЛЫ

 12 (25) июнь, 1918 ж. 

  1. Алашорда Алаш автономиясы территориясын облыстық және уездік Кеңестер арқылы басқарады.
  2. Облыстық және уездік Кеңестер құрамын уақытша Алашорда бекітеді.
  3. Облыстық және уездік Кеңестер кемінде үш адамнан тұруы керек.

 Төраға: Ә.Бөкейханов.
Мүшелері: М.Тынышбаев, Х.Ғаббасов.

 СОТ ЖӘНЕ ТЕРГЕУ КОМИССИЯСЫ ТУРАЛЫ

Сот және тергеу комиссиясы құрылсын.

Төраға: Ә.Бөкейханов.
Мүшелері: М.Тынышбаев, Х.Ғаббасов.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір