ҚҰТҚАРУ ҚЫЗМЕТІ БІРІНШІ ОРЫНДА
22.02.2016
999
0

109Жыл сайын Алматы қаласы Төтенше жағдайлар Департаменті №6 өрт сөндіру бөлі­мі­нің сержанты Б.Т.Ахмедов атындағы спорттық шаралар ұйымдастыруды әдетке ай­нал­дырған-ды. Алматы қаласында өткен жарыстың басты мақсаты – қызметкерлердің қыз­меттік және дене даярлығының жоғары деңгейін көрсету, жауапкершілік сезімін қа­лыптастыру, спорттың ойын түрін дамыту мен көпшілікке тарату. Дәстүрлі футбол жа­рысына қатысқан 24 команда олимпиадалық жүйе бойынша ойнады. Ержан Қаң­лыбаев, Нұрхан Қалиев, Ардақ Алиев, Ғалым Рабатов бастаған Алматы қаласы құтқару қыз­меті қызметкерлері ала допты аяғында ойнатып, ширек финалда қарсылас қақпасына жауап­сыз екі гол соғып, 2:0 есебімен жеңіске жетті. II орынға №15 Өрт сөндіру бөлімі ко­мандасы тұрақтаса, ал III орынға №3 Өрт сөндіру бөлімі командасы орнықты. Бұл – фут­болдың жай ғана ойын емес, ол салауатты өмір салтын насихаттайтын спорт түрі екен­дігінің дәлелі. Жүлдегерлер мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ел еңсесін көтере түсетін осынау турнирлер көбейе берсе екен деген тілек бар. Аумин!

 

ПІКІР ҚОСУ