ҚазҰУ ғалымдары Шанхай жәрмеңкесіне қатысуда
20.09.2023
167
0

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 23-ші халықаралық  CIIF (ҚХР) өнеркәсіптік жәрмеңкесіне қатысып, онда ЖОО алты ғылыми-инновациялық жобаны ұсынды.

Айта кетерлігі, халықаралық көрме Шанхай қаласында әр күзде өткізіледі және оның негізгі бағыты көпшілікке брендтік өндірістік жабдықтарды таныстыру болып табылады. Көрмеге 3000-ға жуық компания мен ұйымдар, оның ішінде әлемнің 100 университеті қатысты. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылым және инновация департаментінің директоры Жолдас Бөрібаев атап өткендей, CIIF халықаралық өнеркәсіп жәрмеңкесі ірі көрмелердің бірі, сондай-ақ Қытайдағы экономикалық және сауда алмасу мен ынтымақтастық үшін маңызды алаң болып табылады. «Университеттер үшін арнайы көрме аймағы бөлінді. Бүгінгі таңда мұндай салалық жәрмеңкелер университеттер өздерінің ғылыми-техникалық инновациялық жобаларын көрсете алатын және тәжірибе алмасатын ең ықпалды алаңдардың біріне айналды».

Іс-шара барысында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шанхай университетінің Hi-Tech Park технопаркімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Қол қойылған құжат тәжірибе мен біліммен, ақпаратпен және ресурстармен алмасуды, құзыреттілікті дамытуды, жаңа технологиялық шешімдерді әзірлеп, оны коммерцияландыру мақсатында бірлескен жобалар құруды көздейді.

Жәрмеңке 23 қыркүйекке дейін жалғасады.

 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір